Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
28 қыркүйек, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Болат Кальянбеков: «Қазақтілді аудитория әлеуметтік мәселелер жайлы көбірек оқиды»

Болат Кальянбеков: "Қазақтілді аудитория әлеуметтік мәселелер жайлы көбірек оқиды"

Болат Кальянбеков: «Қазақтілді аудитория әлеуметтік мәселелер жайлы көбірек оқиды»
ашық дереккөзі
Қазақтілді және орыстілді аудиторияның ақпаратқа деген талғамы әр түрлі. Ал орыстілді аудитория сараптамалық материалдарды, сұхбаттарды және журналистік зерттеулерді көбірек оқиды. Басты тақырыптары: шоу-бизнес, коронавирус, саясат және апаттар. Бүгін елордада өтіп жатқан Astana Media Week-2021 форумында пандемия кезінде оқырманның БАҚ-қа сұранысы туралы айтылды. «Nur Media» холдингінің басшысы Болат Кальянбековтің пікірінше, соңғы екі жылда Қазақстанның медиа-кеңістігінде айтарлықтай өзгерістер болған. Компания басшысы мемлекет пен ұлттық компаниялар БАҚ-пен өзара іс-қимылын үнемі дамытып отыру қажеттігін де айтты.
Мемлекеттік органдардың, әкімдіктердің жұмысы туралы ақпаратты ешкім тегін орналастырмайды. Билік халыққа әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту үшін қабылданған шаралар туралы ақпарат беріп, заңнамадағы өзгерістерді жариялап, жалған ақпаратпен күресуі керек. Яғни, біздің жағдайымыздағы мемлекеттік тапсырыс жарнама нарығында мемлекеттік емес БАҚ-ты қолдаудың маңызды құралы болып саналады деген пікірталасқа әркім түпкілікті нүкте қоюы керек. Мемлекеттік тапсырыс тетіктерін үнемі жетілдіріп отыру, жұмыстың айқын индикаторларын барынша ашық ету маңызды, - деді Б.Кальянбеков.
Өз сөзінде «Nur Media» холдингі үшін мемлекеттік тапсырыс қаржыландырудың маңызды көздерінің бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің пандемияға қарсы көмегі уақытылы болғанын және оның жағымсыз салдарын жеңуге көмектескенін айта келе, министр Аида Балаеваға алғысын білдірді.
Мысалы, коммерциялық БАҚ-тар ЕТҚ-дан салықтар мен міндетті аударымдарды төлеуден босатылды. Радио және телеарналар аналогтық және эфирлік цифрлық телерадио хабарларын тарату қызметтеріне ақы төлеуден босатылды. Бұнымен 67 коммерциялық теле және радиоарналар қамтылды», - дейді холдинг жетекшісі.
Сонымен қатар ол бүгінде БАҚ аудиториясы біркелкі емес екенін және халықтың әр санатының өз қалауы бар екенін айтып өтті. Мысалы, зейнеткерлер, мемлекеттік қызметкерлер, депутаттар газеттерге сенеді, жастар, бизнесмендер үшін – БАҚ сайттары мен әлеуметтік желілер маңызды, автоәуесқойлар үшін – радио, үй шаруасындағы әйелдер үшін – теледидар. Б.Кальянбековтің айтуынша, қазақтілді оқырмандар әлеуметтік мәселелер, шоу-бизнес және әлеуметтік төлемдер туралы материалдарды көбірек оқығанды жөн көреді. Сондай-ақ ТОП-5-ке дәрігерлердің кеңестері мен дін тақырыптары кіреді. Ал орыстілді аудитория сараптамалық материалдарды, сұхбаттарды және журналистік зерттеулерді көбірек оқиды. Басты тақырыптары: шоу-бизнес, коронавирус, саясат және апаттар.
2020 жылы Үкімет жұмыссыздар үшін 42 500 теңге мөлшерінде төлем тағайындаған кезде, «Azattyq Ruhy» сайтына орта есеппен тәулігіне осы тақырыпқа мың сұраныс келіп түсетін. Осындай толқулар Арыс пен Жамбыл облысындағы жарылыстар, шулы сот істері, түрлі жағдайлар және т.б. осы сияқты резонанстық оқиғалар кезінде тіркелді, - дейді «Nur Media» холдингінің басшысы.
Сөз соңында ол жаңа трендтермен күресудің пайдасы жоқ екенін, бірақ оларды тиімді пайдалану қажеттігін айтып өтті. Бұл ретте «Nur Media» холдингіне қарасты әрбір БАҚ әлеуметтік желілерде белсенді түрде жұмыс істейтінін жеткізді.