Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевтың туған қызы Әлия Шагиева арнап сурет көрмесін өткізді.
Бұл туралы kaktus.media басылымына сілтеме жасаған newsroom.kz порталы жазады.
Бішкектегі Ала-Тоо алаңында өткізілген шара Алмазбек Шаршенұлының 65 жылдығына орайластырып өткізілген. Бұл жолғы шара символикалық мән ретінде қырғыз халқының символы боларлық Манас ескерткішінің астында ұйымдастырылған.
24.kg басылымының жазуынша Әлия Шагиева «Манас бился не для того, чтобы его потомки держали свой народ за лохов. Лохи — те, кто этого не понимает» - деп мәлімдеген.
2019 жылдың тамызынан бері қамауда жатқан Алмазбек Атамбаев қазнетте екі елдің арасына сына түсірер сөздерімен және Қой-Таштағы атыс кезінде бір сарбаздың қаза табуымен есте қалған тұлға болуы мүмкін. Жуырда оған түрік азаматтарына заңсыз паспорт берді деген де айып тағылған.
А.Атамбаев Қырғызстанның 12-ші және 16-шы премьер-министрі лауазымын, 2011-2017 жылдары президент лауазымын атқарған.
Оның бір ұл, бір қызы бар. Әйелі – Раиса Минахмедовна татар ұлтының өкілі. Гитарамен ән айтқанды ұнататын Атамбаев «татар халқының күйеу баласымын» деген сөздің де авторы.