Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
20 қыркүйек, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Сұмдық! Алматыдағы атыстан бес адам көз жұмды

Сұмдық! Алматыдағы атыстан бес адам көз жұмды

Сұмдық! Алматыдағы атыстан бес адам көз жұмды
ашық дереккөзі
Ақбұлақ шағын ауданында атыс болғаны туралы хабарлама әлеуметтік желілерде пайда болды деп жазады newsroom.kz порталы aikyn.kz сілтеме жасап. Алматыдағы жекеменшік тұрғын үйден тұрғындарды мәжбүрлеп көшіру кезінде атыс болды, 5 адам қайтыс болды, деп хабарлады қалалық полиция департаменті. Алдымен Ақбұлақ шағын ауданында атыс болғаны туралы хабарлама әлеуметтік желілерде пайда болды.
«Алматының Алатау ауданындағы Ақбұлақ шағын ауданында 17.00-де атыс болды. Үйден көшіріп шығару кезінде 1978 жылғы осы үйдің тұрғыны жанжал шығарып, атыс қаруынан сот орындаушыларды, учаскелік полиция инспекторларын,  ТЖД қызметкерлеріне оқ атты», – делінген хабарламада.

5 адам, соның ішінде екі полиция қызметкері жарақаттанып көз жұмды.

«Күдікті залалсыздандырылды және ұсталды. Қазіргі уақытта жағдай бақылауда. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жүргізілуде», – деп хабарлады полициядан.

Қаза тапқан полиция қызметкерлері: Алатау аудандық ПБ ЖПҚБ учаскелік инспекторы, полиция майоры Сүлеев Дархан Дауылбайұлы 1982 жылы туған. Алатау аудандық ПБ ЖПҚБ учаскелік инспекторы, полиция капитаны Байғазиев Нұрбол Назарбайұлы 1988 жылы туған.