Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
20 қыркүйек, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Пермь университетіндегі атыстан 8 адам қаза тапты

Пермь университетіндегі атыстан 8 адам қаза тапты

Пермь университетіндегі атыстан 8 адам қаза тапты
ашық дереккөзі
Ресейдің Пермь мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінде атыс салдарынан қаза болғандар саны 8 адамға жетті, деп хабарлайды newsroom.kz. порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. «Атыс салдарынан сегіз адам қаза тауып, тағы бірнешеуі зардап шеккен», - деп нақтылады агенттік сүйенген дереккөз. Ведомство мәліметінше, университет аумағында оқ жаудырған – студент. Оның есімі анықталды. Ұстау кезінде қарсылық танытқан ол жарақат алды. Атыс фактісі бойынша екі және одан көп адамды өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды. Оның Тергеу комитетінің орталық аппараты тергейтін болады. Аймақ прокуратурасының хабарлауынша, оқиға орнына Пермь өлкесінің прокуроры Павел Бухтояров аттанды. Ол атыс болған жерде тексеру жүргізіп жатқан құқыққорғау және басқа ведомстволардың жұмысын үйлестіріп, қадағалайды.