Қазығұртта құрылыс жұмыстары қарқын алған

Қазығұртта құрылыс жұмыстары қарқын алған

ашық дереккөзі

Қазығұрт ауданының әкімі құрылыс нысандарын аралады, деп хабарлайды newsroom.kz.тілшісі. Қазығұрт ауданының әкімі Арман Абдуллаев кезекті іс-сапарында Қазығұрт, Қызылқия, Қақпақ, Шарбұлақ ауыл округтерінде салынып жатқан құрылыс нысандарын аралап, мұқият тексеріп шықты. Қазығұрт елді мекеніндегі жаңадан ашылған Жарық жол және Саябақ коммуналдық мемлекеттік мекемелері ғимаратының, Қызылқия елді мекеніндегі полиция пункті, Қақпақ ауылының Заңғар, Сырлысай елді мекендерін электрмен жабдықтау, сонымен қатар Шығыс мөлтек ауданына табиғи газ құбырын тарту құрылыстарымен танысты. Аудан басшысы бүгінгі күнге дейін атқарылған жұмыстарды саралай отырып, мердігерлер мен жауапты бөлім басшысына құрылыстың сапалы жүргізілуін және белгіленген мерзімде аяқталуын тапсырды.

Жүктелуде...