Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
18 қыркүйек, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Nur Otan өкілдері елордада 120 түп ағаш отырғызды

Nur Otan өкілдері елордада 120 түп ағаш отырғызды

Nur Otan өкілдері елордада 120 түп ағаш отырғызды
ашық дереккөзі
«Nur Otan» партиясы Орталық аппаратының қызметкерлері Шабал Бейсекова атындағы көше бойына 120 түп жапырақты және қылқан жапырақты ағаш отырғызды, деп хабарлайды newsroom.kz порталы «Nur Otan» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгін олар елорда тұрғындарымен бірге «World Cleanup day – 2021» дүниежүзілік бастамасына орайластырылған «Birge ¬- Taza Qazaqstan» экологиялық акциясына қатысты. Әкімдіктің мәліметі бойынша, биыл қалада 1 млн-нан астам жасыл желек отырғызу жоспарланған. Партияның баспасөз қызметінде атап өткендей, экология сапасын жақсарту мәселесі - «Nur Otan»-ның сайлауалды бағдарламасының да негізгі бағыттарының бірі. Таяудағы 5 жылда партия ел көлемінде орман алқабын ұлғайту және 2 млрд-тан астам ағаш отырғызу міндетін қойып отыр. Қалалар ауасының сапасын жақсарту, су ресурстарын ұтымды пайдалану, қалдықтарды қайта өңдеу жұмыстары жалғасады. Осыған орай 2025 жылға дейін Нұр-Сұлтанда, Алматыда, Шымкентте, Атырауда, Таразда және Ақтөбеде 6 қоқыс өңдеу зауытын іске қосу жоспарланып отыр. «Nur Otan»-ның экологиялық саясатын іске асыру аясында Алматыдағы ЖЭС-2-ні газға ауыстыру, Орал өзені бассейнінің экожүйесін сауықтыру бағдарламасын қабылдау және көлдерді тазарту бойынша жұмыстар жүргізу жоспарлануда. Шөлейттенудің, бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының, Байқоңыр ғарыш айлағының және Арал теңізінің солтүстік бөлігін қалпына келтірудің экологиялық мәселелерін шешу жалғасын табады. Партияның сайлауалды бағдарламасы бойынша елордада бес тұрғын алабында 10 сквер салу, жағалау жиегін абаттандыра отырып, Ақбұлақ жылғасының арнасын реконструкциялау, Вячеслав және Қоянды су қоймаларында табиғатты қорғау шараларын іске асыру және тағы да басқа көптеген шаралар көзделген.