weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
20 мамыр, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ақмолада ер адам сезіміне жауап қатпаған әйелді соққыға жыққан

Ақмолада ер адам сезіміне жауап қатпаған әйелді соққыға жыққан

Ақмолада ер адам сезіміне жауап қатпаған әйелді соққыға жыққан
ашық дереккөзі
 width= Ақмола облысына қарасты Есіл қаласының мас тұрғыны құрбысын қызғанышпен ұрып-соққан. Облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, 17 мамырында шамамен сағат 20.30-да Есіл АПБ кезекші бөліміне аудандық орталық аурухананың фельдшерінен телефон хабарламасы келіп түскен. Ол Есіл қаласының 26 жастағы тұрғынының "оң жақтағы 9 қабырғаның сынуы" диагнозымен қабылдау бөлмесіне жүгінгенін айтқан.
«Оқиға орнына келген полицейлер 16 мамыр күні спирттік ішімдіктер ішу барысында туындаған жанжалда 37 жастағы ер адамның үйінде болған құрбысына дене жарақатын салғанын анықтады. Ер адам өз кінәсін мойындады, олар бірнеше рет кездескенін және оған деген сезімі болғанын, бірақ ол оның сезіміне мән бермегенін айтты», - делінген ПД хабарлаасында.
Аталған факт бойынша полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы "Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру"бойынша сотқа дейінгі іс бастады.