Ақмола облысыҚылмыс/Оқиға

Ақмолада мас жолаушылар такси жүргізушісін өлтіріп кеткен

3.8
(5)

Ақмола облысында 3 мамырдан 4 мамырға қараған түні такси жүргізушісі жолаушылар қолынан мерт болды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бурабай ауданының кезекші бөліміне 45 жастағы жергілікті тұрғыннан қоңырау түскен. Ол 19 жастағы ұлын іздеуге көмектесуді сұраған.

Көп ұзамай Щучинск қаласының 22 жастағы тұрғыны мен Қатаркөл ауылының 20 жастағы тұрғыны күдікті ретінде тұқындалды.

Екі ер адам Қатаркөлден Щучинскке көлік ұрлау үшін баруды ойластырған. Ол жерге дейін «Индрайвер» қосымшасы арқылы тапсырыс беріп, таксимен жетіп алуды көздеген. Қаскөйлердің арам пиғылына 19 жастағы жасөспірім тап болған.

Жолаушылар мас күйде болғандықтан жүргізуші олардың көліктен түсуін талап етеді. Оны орындаудан бас тартқанда жанжал шығып, соңы төбелеске ұласады. Күдіктілердің бірі жүргізушіні тұншықтырып, екіншісі шыны бөтелкемен басынан ұрады. Жәбірленуші құлаған кезде қаскөйдің бірі сынық бөтелкемен жас жігіттің мойнын тіліп жібереді», – делінген ПД хабарламасында.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.8 / 5. Бағалар саны: 5

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button