Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
12 мамыр, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Жайылым жерді тартып алды

Жайылым жерді тартып алды

Жайылым жерді тартып алды
ашық дереккөзі
 width= Жерімізді қайтарыңдар! Түркістан облысында тағы да жер дауы. Бұл жолы жайылымдық жерінен айырылған Қазығұрт ауданның тұрғындары  ірі қара малдарын әкімдікке айдап апарды. Себебі, Қарабау ауылдық округінің іргесіндегі жердің барлығы министрлікке қарасты шаруашылықтың қарауына өтіп, қарапайым халық төрт-түлікті жаятын жайлым таппай қалған. Ал, шенеуніктер бәз баяғы әдеті бойынша мәселе әні-міне шешіледі деп тұрғындарды алдап келген. Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды. Бір табын сиырдың басын ауылдық окург әкімдігіне бұрған елдімекен тұрғындары жайылым жердің тапшылығынан шаршағандарын айтады. Есік алдындағы азын-аулақ төрт-түліктерін қайда апарып бағарларын білмей дал. Енді амалдың жоқтығынан жылдар бойы жиналған ызыларын жоғарғы жақа осылай жеткізуді көздеген. Тұрғындардың айтуынша, ауыл іргесіндегі 5 мың гектардан астам жер квазимемлекеттік шаруашылықтың қолына өтіп кеткен. Түптеп келгенде ауыл тұрғындары үшін ашылған жауапкершілігі шектеулі серіктестік керісінше, жайылымға ұлтарақтай жер қалдырмай қойыпты. Тіпті, белгіленген аумақтан малдары өтетін болса иесіне айыппұл төлетіп, әбігерге салатын көрінеді. Өткен жылы ауыл шрауашылығы министрлігінен тексеруші топ келіп, түйткіл жуық арада шешіледі деп уәдені үйіп-төккен. Алайда содан кейін ұшты күйлі жоқ болып кетті, дейді. Мұса КӨМЕКБАЕВ, Қазығұрт ауданының тұрғыны: «Жер! Анау министр оянсын! Мына халықтан ұялсын. Құдайдан қорықсын! Біздің жерімізді берсін. Қолды қойсын жерді берсін. Халық одан кейін күнін көреді».
НҰРЖАН СМАНОВ, Қазығұрт ауданының тұрғыны Екі сиырым бар. Бірақ жайлым жоқ. Ал басқаларында ондап, жиырмалап сиыры бар. Бірақ үйінде бір адам пенсионер шешесі бар. Мысалы, Мұхит деген братан бар. Басқаша ешнәрсе жоқ. Үйінде тек малмен отыр. Жайлып жоқ. Не істеуі керек ол? Әй өзбек ағайындар секілді арқандап жүрміз. Ташкентте солай жүреді екен. Осы кезде аш тұр».
«Бұл жер негізінде мал жайылымы болуы керек екен. Ал, қазір қоқыс полигонына айналып кеткен. Жайлым жері жоқ малдар аш болғанан кейін дәл осы жерге келіп қоқысы жеп, қырылып жатқан көрінеді». Ал, шаруашылық директоры жағдайдан хабардар екенін жеткізді. Тек мәселені түбегейлі шешуге құзыреті жетпейді екен. Мен жәй ғана орындаушымын деп ат тонын ала қашқан басшы, жоғарыдан халыққа жерді тарат деген пәрмен келсе қазір орындауға дайынмын, дейді.
Дәулет АБДРАСИЛОВ, Тәжірибелік-өндірістік шаруашылық директоры Халыққа жерді беруді басқа-басқа біз шешпейміз. Біз орындаушымыз осы шаруашылықтың. Тұқым өндіру, егістік егу сол жұмыстарды атқарып орындаушымыз. Ал, жердің құрылтайшысы ұлттық аграрлық ғылым білім беру орталығы. Негізі құрылтайшыға ауыл шаруашлығы министрілгіне шейін осы ауыл тұрғындары атынан арыз-шағым түскен. Ол мәселе әлі қаралып жатыр. Бізге жауап ешнарсе келген жоқ».
Ал, аудандық әкімдіктегілер жуық арада елордаға барып, жердің бір бөлігін қайтарып алуға келіссөз жүргіземіз деп сендірді. Ашуға булыққан жұрт жауыр болған мәселе оң шешімін таппаса,  жайылым жер үшін жанымызды береміз деп тарқасты. https://youtu.be/n-EfRTQYrvg