Қазақ қызы Грузияда қаза тапты: СІМ не дейді?

Қазақ қызы Грузияда қаза тапты: СІМ не дейді?

ашық дереккөзі

   width= Күні кеше ғана Грузияда қаза болған 26 жастағы Әсел Айтпаева туралы жаңалықты жариялаған болатынбыз. Грузияға табыс табуға кеткен Әсел құрбысына аудиожазба жолдап үлгерген екен.

ҚР СІМ телеграм каналы таратқан мәлімет бойынша, отандасымыз 9 қабаттан құлап мерт болған. Грузияның полициясы суицидке жеткізу деген күдікпен қылмыстық іс қозғаған. Полиция оны қамауға алыпты. Басқа ақпарат тергеу мүдделері үшін жария етілмейді – дейді аталған хабарламада.
Грузиядағы Қазақстан консулы марқұмның отбасымен үнемі байланыста. Бұл іс Елшіліктің ерекше бақылауына алыныпты. Қазақтанның Сыртқы істер министрлігі ҚР азаматының денесін отанға жеткізуді ұйымдастыруда жан-жақты көмек көрсетуде.

Жүктелуде...