Жаңалықтар

Грузияда 26 жастағы қазақстандық белгісіз жағдайда көз жұмды

4.3
(3)

Грузияда белгісіз себептерге байланысты 26 жастағы қазақстандық қаза тапты, деп  хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі «Хабар 24» -ке сілтеме жасап.

Бұл ақпаратты еліміздің Сыртқы істер министрлігі мен Грузияның Ішкі істер министрлігі растады. Марқұмның есімі Әсел Айтпаева. Оның немере сіңлісі қыздың ажал құшар алдында құрбысына аудиожазба жіберіп үлгергенін айтты. Онда белгісіз ер адамның қоқан-лоққы көрсеткен даусы жазылып қалған. Сіңлісінің айтуынша, Әсел Айтпаева Грузияға туысқанының шақыруы бойынша уақытша табыс табуға кеткен екен. Бірнеше күн бұрын байланысқа шықпай қалған. Соңғы аудиожазба 5 мамырда келген.

Айна Айтпаева, марқұмның сіңлісі

Басында ешқандай күмән мен күдік болмады. Өйткені шақырған адам туысқанымыз. Екіншіден, ол жақтағылар орыс тілін жетік білетін маманның болмауына байланысты жұмысы жүрмей жатқанын айтты. Ал қазақстандық азаматтар Грузияға көлік сатып алу үшін жиі барады екен. «Грузияда орыс тілінде сөйлейтін адамдар аз, сатылым бойынша кеңес беретін консультант қыз керек» деді. Асығыс шешім қабылдағанамыз да сондықтан. Тбилисиден 20 шақырым қашықтықта жатқан жерге барған. Аудиожазбада грузиялық азамат қызды қалай қорқытып, ұрғаны туралы айтқан. Менің түсінуімше, әпкем қорлыққа шыдамаған сияқты. Нақты білмедім. Мүмкін ол грузиялық азамат көмектескен болар. Кімнің кімге сес көрсеткенін дөп басып айта алмаймын.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4.3 / 5. Бағалар саны: 3

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button