
Алматы қалалық сотының ішкі қауіпсіздік бөлімі мен ҰҚК қалалық департаменті аталған судьяға қатысты тексеріс жұмыстарын жүргізді. Оның нәтижесінде департамент ҚР ҚК 190 бабы, 4-бөлімі, екінші тармағы бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жұмыстарын бастады. Ведомствоның хабарлауынша, бас прокурор күдікке ілінген судьяға қатысты тергеу амалдарын жалғастыруға өз келісімін берген»,- деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі Күдіктінің үйінде жүргізілген тәнту жұмыстары кезінде одан үлкен көлемдегі ақша тәркіленді. Қалалық соттың баспасөз қызметі қалған ақпарат тергеу жұмыстарына байланысты жарияланбайтынын ескертті.