Қылмыс/ОқиғаНұр-Сұлтан қаласы

Ірі көлемде пара алды деп айыпталған Жоғарғы соттың судьясы қамауға алынды

3.2
(14)

Ірі көлемде пара алып жатқанда ұсталған Қазақстан Жоғарғы сотының судьясы 2 айға қамауға алынды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының тергеу соты мәлімдеді.

2021 жылы 11 ақпанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Жоғарғы соттың ішкі қауіпсіздік бөлімінің бірлескен іс-шарасының нәтижесінде Жоғарғы соттың судьясы Ж. ұсталған болатын.

«2021 жылғы 9 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты судьяға қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», – делінген елорданың тергеу сотының хабарламасында.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.2 / 5. Бағалар саны: 14

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бір пікір

  1. «Халқы өз батырын білсін » демекші халық жемқор есімін білуі тиіс! Сонда біз жемқорлықпен қалай күреспекшіміз. Қытай жемқорларды ашық дарға асады, біз дарға аспақ түгел есімін айтуға бармаймыз…

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button