Тұрғындарды тұншықтырған қоқысты шенділер «көрмей» отыр

Тұрғындарды тұншықтырған қоқысты шенділер «көрмей» отыр

ашық дереккөзі

 width= "Көрмес- түйені де көрмес" деуші еді. Ақтөбеде «ерекше» қоқыс бар. Ерекшелігі сол, оны қарапайым тұрғындардың көзі көреді де, шенеуніктерге байқалмайды. Иісі де тура сондай. Тұрғындардың қолқасын қабады, атқамінерлерге сезілмейді. Жоқ жерден пайда болған полигонның азабын қарапайым халық тартып отыр. Қыстың күні коммуналдық қызмет қаланың қарын шығарған кезде ақ ұлпамен бірге көшенің қоқысын жиып-теріп, бір-ақ апарып төккен көрінеді. Енді қар еріп, жер кепкенде желмен шашылып, иісі айналаны тұншықтырып барады. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Тұрғындар мұндай көріністі наурыз айынан бері байқапты. Қаладан шығарылған қарды "Ақжар-2" елді мекенінің түбіне әкеліп төккен. Қоқыс аралас қарды көрген халық жауапты мекемелерге шағымданған. Көктем келіп, қар ерігенде ауыл маңы алып қоқыс жәшігіне айналып шыға келген. Әр жерде тау болып үйліген қардан төбе-төбе қоқыс қалыпты. Ауылдың байырғы тұрғындары бұрын-соңды бұл маңда полигон болмағанын айтып отыр. Енді қоқыс үйіліп жатқанын көріп жолшыбай әркім тұрмыстық қалдықтарын тастап кететін болған. Жиналғандарды бұл да алаңдатады. «Қолдан жасалған қоқыс полигоны - ауылдан таяқ тастам жерде. Мінекей, 200 метр жерде "Ақжар-2" елді мекені тұр. Қармен бірге еріген баланың жаялығы, бетперде, қағаздың барлығы ауылға қарай ұшып жатыр. Тұрғындар ертең күн аптап болғанда жағдайымыз одан сайын қиындай ма деп алаңдайды». Ауылдықтар бұдан былай қаладан шыққан қарды іргеге тасуына түбегейлі қарсы екендерін айтты. Жылда жалғаса беретін болса, соңы экологиялық апатқа ұшыратады деп санайды.

Тұрарбек ӘЖІБАЕВ , Ақжар ауылының тұрғыны Бұл жер тап-таза дала еді, жаңа айтып жатыр ғой апамыз, гүл болды, тюльпан болды деп. Енді бұл жерде гүл түгіл шөп өспейді. Менің ойымша, пакетті алып кетеді, мусор қалады. Бізге ол керек емес. Бізге машина грейдермен қырып алып кетсін, рекультивация жасау керек».
Әкімдіктегілер ауыл маңындағы алаңқайға мердігер компаниялар қыс бойы қоқыс емес, қар шығарғанына сенімді. Алайда, тұрғындар алаңдаушылық білдіріп, шағымданғандарын айтты.
Бақұзақ ДАРИН,  Алматы ауданы әкімінің орынбасары Ол жерде қоқыс жоқ. Мен сізге айтып тұрмын ғой, ашық алаңға біз қарды шығардық. Мысалға ол уақытта қоқыс көрінген жоқ. Біз қарды шығардық, тап-таза, әппақ қар. Ол кезде қоқыс болған жоқ. Бірақ қоқыс болады деді. Біз шығып, түсіндіріп айттық оларға. Қар еріген бойда ол алынады".
Аудан әкімдігіндегілер тас жол бойындағы қоқысты тазалауға 22 жұмысшыны жібермекші. Мамыр мейрамына дейін алаңқайды айнадай етеміз дейді. Осы уақытқа дейін қардан қалған 40 тонна қалдықты тазартыпты. https://youtu.be/wmQJew7bd_E

Жүктелуде...