Мүгедек бала тәрбиелеп отырғандарға жағдайы жоқ баспана берілген

Мүгедек бала тәрбиелеп отырғандарға жағдайы жоқ баспана берілген

ашық дереккөзі

 width= «Далада қалудан қорқамыз!» Ақтөбеде жиырма шақты отбасы әкімдіктен көмек сұрап отыр. Шағымын айтқан отбасылардың дені аз қамтылған жалғызбасты аналар мен мүгедек бала тәрбиелеп отырғандар. Еш жағдайы жасалмаған баспананы тұрғындарға пайдалануға берген кім? Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Бұл үйлер қағаз жүзінде әлі пайдалануға берілмеген. Не көгілдір отын жоқ, жедел сатысы да жұмыс жасамайды. Балаларының қауіпсіздігін ойлаған ата-аналар мынадай керек емес заттармен жеделсатының айналасын қоршап қойыпты. Шамасы байқаусызда құлап кетпесін деген болса керек. Әкімдіктегілер кезінде көмек сұрап барған 20 шақты отбасына осы үйден уақытша тұруға пәтер берген. Енді 25-мамырға дейін босатып болыңыздар депті». Отбасылардың уақытша деп берген үйді паналап отырғанына екі жыл болған. Көбісі  жалғызбасты аналар, мүгедек бала тәрбиелеп отырғандар мен көпбалалы отбасылар. Даулы үйдің сот шешімімен бұғатта тұрғанына қарамастан жұрт жаппай көшіп келеді. Өйткені, басқа барар жері-басар тауы жоқ. Аты жаңа болмағанымен, түк жағдайы жоқ пәтерді тұрғындар өз қолымызбен жөндеп алдық деп отыр. "Судың несіне қосатын есептегіштер де болмады. Бүкіл «паровой» екі жақта да жоқ. Осы жер қағаз, боқтық, шашылып жатты". Жеті қабатты үйдің тұрғындары коммуналдық төлемді уақытылы төлеп отырғандарын айтты. Салқын су мен электр жарығын өз күштерін қостырып алыпты. Негізі үй бұғатта тұрғандықтан, пайдалануға берілмеген. Алайда, не ыстық суы, көгілдір отыны жоқ үйді жауапты мекемелер қалай пайдалануға бергені белгісіз.

Сұлтан АМАНШИН, қаланың бас сәулетшісі Ол сұраққа мен жауап бере алмаймын. Тиісті органдар бар қарайтын».
Тұрғын үй кешені бұғаттан алынғаннан кейін мүлік иесі  банк пәтерлерді сатылымға шығара бастайды дейді жұрт. Алайда, қолма-қол ақшаға сатып алуға дәл қазір жағдайымыз келмейді деп отыр. Бір топ адам мәселесін айтып қалалық әкімдікке келді.  Гүлдәурен ҚҰСАЙЫНОВА, қала тұрғыны: "Маған тегін үй бер деп сұрамаймын. Менің талабым  осы үйді бізге «рассрочка» ретінде бөліп берсе. Маған үй кезегі жеткенше айлық-табысыма қарап берсе екен".  Нұргүл ИМАНҒАЗИНА, қала тұрғыны:  «Акиматқа сұрақ қойып, басқа жерден болса бізге рассрочкаға бір үй тауып берсе екен. Уже не временное жилье, шаршадық, 10-15 жыл тұрып жатыр адамдар». Жиналғандардың шағымын тыңдаған шенділер ешкімді далада қалдырмаймыз деп отыр. Ал баспаналы болу үшін мемлекеттік тұрғын-үй бағдарламаларының көмегіне жүгінуге кеңес берді.
Жандос ӘЛІМОВ, қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы Бізде мемлекеттен үй алудың екі жолы бар: біріншісі  кезекте тұрған азаматтар сол кезекті аяғына дейін күтеді. Екінші жолы  кезекті күтпестен «Жилстройсбербанк» арқылы несие арқылы үй алады».
Қалалық әкімдіктегілер тұрғындардың әрқайсысын жеке-жеке қабылдап, мәселені банк және жауапты мекемелер болып бірге талқыламақшы. https://youtu.be/QJAz-TqvuSc

Жүктелуде...