Елорда: түзету мекемесіндегілер жұмыс сұрап отыр

Елорда: түзету мекемесіндегілер жұмыс сұрап отыр

ашық дереккөзі

 width= Елордадағы түзету мекемелерінде жазасын өтеушілер мерзімінен бұрын босау немесе жазасын жеңілдету сияқты мүмкіндіктерден  айырылуы ықтимал. Өйткені қылмыскерлер жеке тұлғалар мен мемлекетке 2,5 миллиард теңге көлеменді қаржы берешек. Ал, сотталғандар осы қарыздарын өтеу үшін жұмыс істеуі тиіс. Алайда, дәл осы нәпақа мәселесі бас қаладағы түрмелерде бір жолға қойылмаған. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі  Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. "Мына ұнды, қазақи нақыштағы үстелді, болашақта мектеп партасы болатын бұйымдарды қарап көрсеңіз, зер салсаңыз, арнайы цехта шеберлер жасағандай. Бірақ олай емес. Осы бұйымдардың барлығын Нұр-Сұлтан іргесіндегі қоныс колониясында жазасын өтеушілер жасаған. Осы жердің басшылығы мен қамалғандар айтатын мәселе көп дейді. Соның біршамасын тыңдап, көзімізбен көру үшін осында келдік". "ЕЦ-166/10" қоныс колониясында байқаусыздан адамды мерт қылған, жемқорлықпен ұсталған, жеңіл қылмысқа барған 800 адам жазасын өтейді. Олар түзету мекемесінде антисептик, аяқ-киім, жиһаз, спорттық алаңдарға жасыл төсемелер, нан жасайды екен. Сөйтіп, мекеме басшылығы өндірілген тауарды сұрағандарға сатады. Ал, одан түскен қаржы сотталғандарға жылдар бойы айлық ретінде төленіп келген. Алайда, коронавирус келгелі тапсырыс мөлшері төмендеген. Демек, жұмыс та азайған.

Ернат АҚЫЛЖАНОВ, қалалық қылмыстық атқару жүйесі депараментінің басшысы Егер тапсырыс көп болса, біз сотталғандарды жұмыспен қамтимыз. Қазірі таңда Нұр-Сұлтан қаласы, қалалық қылмыстық атқару жүйесінің депараментінің түзеу мекемелерінде отырғандардың 2,5 миллиард қарыздары бар. Олар жеке тұлғаларға, мемлекетке қарыз. Олар егер оны өтемесе, олар мерзімінен бұрын босауға немесе жазаның жеңіл түріне ауыса алмайды".
Колониядағы жазасын өтеуші азаматшаны сөзге тарттық. Жасы 50-ден асқан әйел қаржылық пирамидаға білместікпен маркетолог болып жұмысқа кіріп, екі аптадан кейін былыққа тап болғанын түсінгенде, қолға түсіпті. Сөйтіп, 4 жыл 7 айға сотталған. "Қазақ айтады ғой, «айран ішкен тұтылып, қаймаған жеген құтылып» деп. Сол нағыз қылмыскерлерді таппады. Мен бар ғой үкіметіме қанша қызмет еттім. Жыным келеді, намыстанамын". Аты-жөнін жасырған кейіпкеріміз жесір екенін, сондай-ақ бостандықта екі баласының қалғанын айтады. Сондықтан "пирамидада" алданған 800 адамға  миллиондаған қарызы болса да, еркіндікті аңсайды. Біз жемқорлықпен ұсталып, сотталған шенеунікпен де сөйлестік. Өмір бойы қағаз толтырған ол өмір барлығына бейімдейді екен, дейді. "Қол үйренді. Денім сау, мемлекетке келтірген залады өтеу керекпін. Түзелу керек. Сосын тездетіп бостандыққа шығып, үйде болсам деймін". Қоныс колониясын аралағандар арасында мәслихаттың хатшысы да болды. Қаладағы Байқоңыр ауданының әкімі болған, Алтай Көлгіновтың экс-орынбасары Ерлан Қаналимов сотталғандар ішінен бұрынғы әріптесін де кездестіріпті.
Ерлан ҚАНАЛИМОВ, қалалық мәслихат хатшысы Қаланың аумағында жұмыс істеген жігіттер ғой. Қала әкімдігінің құрамында, бөлімшелерінде, мекемелерінде. Таныстарым. Бәріміз әріптес болдық кезінде. Бірге істедік. Жаңа жағдайларын сұрап жатқаным сол себепті ғой. Қалай екенін, қарым-қатынас қалай. Жұмыс істеп жатыр екен. Ешқандай қажеттіліктері жоқ".
Түзету мекемесінің басшысы сотталғандарды жұмыспен қамту мәселесін мәслихаттағыларға тапсырды. Өйткені жоғарыда аталған бірнеше миллиард теңге берешек өтелінебесе, қылмыскерлер мерзімінен бұрын бостандық шығуы мен жазаның жеңілдеуі екіталай. Ал, қалалық депутаттар көмек беретіндерін айтты. https://youtu.be/VVnmU4gz3rs

Жүктелуде...