82 жастағы әже онлайн дәріс беруде

82 жастағы әже онлайн дәріс беруде

ашық дереккөзі

 width= Мессенджерлер тілін меңгеріп, әлеуметтік желілердің жілігін шаққан кейуана оқушыларға онлайн дәріс оқып жүр. 82 жастағы әжей заман көшінен қалмауды жөн көріпті. Абайды зерттеп, ұлы ақынның еңбектерін оқушыларға таныстырамын деп талмай еңбек етіп жүр екен. Сексеннің сеңгірігіне шықса да ұстаздық етуден жалықпаған жан туралы Newsroom+ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Ұстаздық еткен жалықпас, үйрету ден балаға демекші. 60 жыл ғұмырын оқушыларға сарп еткен әжей, бүгінде көштен қалмас үшін технологияны да жетік меңгерген. 4373 Осының арқасында карантин кезіндегі онлайн дәрістерді де өз деңгейінде өткізіп жүр. Ақылия Бекбаева 82 жаста. Қарасай ауданындағы қарт ұстаздың әлі күнге дейін қуаты қайтпаған. Қазақ тілі мен әдебиеттен сабақ берген мұғалім осы уақытқа дейін талай түлекті білім ордасынан ұшырыпты. Алайда, өзі де ешқашан ізденуден, зерттеп, оқудан жалықпаған. Қазіргі қысылтаяң уақытта заманауи технологияны да меңгеріп оқушыларына күнделікті дәрісін онлайн түрде оқытып жүр. «Сәлеметсіңдер ме балалар? Бүгінгі тақырыбымыз Абай атамыздың толық адам туралы іліміне біраз тоқтаймыз». Қыркүйектен бері оқушыларын тек комьютердің сыртынан көріп, межеленген уақыттың ішінде барлығын түсіндіруге тырысатын ұстаз әуел баста талай қызықты жайттарға да тап болғанын жеткізді. Бір түсінгенім, технологиямен жұмыс істеген кезде артық сөздерді тию қажет дейді.

Ақылия БЕКБАЕВА, қарт ұстаз «Мынау технологияны пайдаланып отырғанда бір артық сөз де кетіп қалуы мүмкін. Оны кейін өзің тыңдасаң өзің ұялып та қаласың кейде. Артық сөз де кетіп қалады ғой. Бұл техниканың аты техника басылып қалады. Айтылған сөзің, демалысың бәрі».
Қазіргі уақытта Ақылия әжей 11 сыныптың оқушыларына Абай тану курсын өткізеді. Онды ұлы ақынның шығармашылығы мен ғұмыры туралы оқушыларға мейілінше терең түсіндіруге тырысады. Үй тапсырмасын да сұрауды ұмытпайды. Абай Құнанбаев. Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат, Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат. Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік Ер табылса жарайды, қылса сұхбат. Оқушылардың таным түсінігін арттыру үшін Ақлия ұстаз өз сыныбын «Абай әлемі» деген атпен толықтай жасап шыққан. Мұнда ұлы ақынның ең алғашқы суреттерімен ең алғаш табылған кітаптары да жинақталған. Білім ордасында жұмыс істеп жүрген уақытта ашқан авторлық кабинеті қазір брендке айналған. Мұнда Абайдың ұрпағынан бастап, жәдігерлері сонымен қатар ұлы ақын туралы жазылған жинақтардың барлы сақтаулы. Жамбыл Жабаевтың Абайға арнап жазған өлеңі де өскелең ұрпаққа өнеге дейді. Жамбыл Абайға өзінің өлеңін жазып жіберген ғой. Сол өлеңді менің оқушыларым жатқа айтады. Мынау тұрған Абайдың суреті ме? Өлең-сөздің ұқсаған құдіретіне. Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған, Өр Абайдың төтеген кім бетіне?! Ақылия Бекбаева шәкірттерін Жидебайға дейін апарып, ұлы ақынның туған өлкесімен де таныстырып жүр екен. Мұның барлығы оқушылардың терең білім алыр, өз көзімен көрсін деген ниетте жасадым дейді.
Тұрсын САБЫРОВА, Абай атындағы мектеп-гимназия директоры: «Ақылия Бекбаевамыз біздің қазіргі білім берудің заманауи трендтеріне көңіл бөле отырып, жетік меңгеріп зум платформасымен, онлайн мектеппен және басқа да қашықтан оқыту технологияларын меңгеріп білімін беріп отыр».
Осы жасқа дейін құлпырып тың болуымның бір себебі, елдің алғысын алуым шығар деген қарт ұстаз әлі де болса еңбектене беретінін жеткізді. Тіпті, онлайннан қарағанда әрбір оқушыны шынайы көріп, әңгімелескенге не жетсін дейді. Тіпті, оларға деген сағынышын да жасыра алмады.
Ақылия БЕКБАЕВА, қарт ұстаз: «Қатты сағындым, әрқайсының көзін көргім келеді, сөзін естігім келеді. Тағы сағынғандығым сол кейбір сабақта үйде отырғанда көзіңе жас та келеді».
Қарт ұстаз үш бала тәрбиелеп одан сегіз немере, он шөбере көріп отыр. Қазіргі көз қуаныштары да солар. Ал, саналы ғұмырын ұстаздыққа арнаған әжей келешекте де оқушыларға тәлім-тәрбие беріп, олардың биіктен көрінуіне септігімді берсем дейді.

Жүктелуде...