Мәжілісмендер ашулы: Денсаулық сақтау министрлігі былтырғы жағдайдан сабақ алмаған

Мәжілісмендер ашулы: Денсаулық сақтау министрлігі былтырғы жағдайдан сабақ алмаған

ашық дереккөзі

 width= Денсаулық сақтау министрлігі былтырғы жағдайдан сабақ алмаған. Мәжілісмендер коронавируспен күресте ең басты амал – вакциналау дей отырып, екпе жасаудың нақты жоспары жасалмаған, деп ашулы, деп хабарлайды  Newsroom+ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап. Вакциналаудың басталғанына екі ай болса да, бүгінде екпе қабылдағандар саны бір пайызға да жетпейді.

Ирина Унжакова, Мәжіліс депутаты: - Егер бұрынғы министр Біртанов коронавируспен күресте оңбай қателессе, қазіргі министр Цой вакцинация жұмысын межесіне жеткізбейтін түрі бар. Неге десеңіз, тұрғындар екпені қашан, қайдан алуға болатынын білмейді. Егер бұлай жалғаса берсе, былтырғы жаздың ауыр жағдайы қайталануы мүмкін.
Израиль, Ұлыбритания, Словакия, Словения, Сербия және басқа да елдерде тұрғындарының жартысы, тіпті 90 пайызы вакцина қабылдап болған. Ал біздің елде егілгендердің саны 101 мыңнан сәл-ақ асады. Бұл тұрғындардың небәрі 0,7 пайызы. Егер бұл қарқынмен жалғаса берсе, 19 миллиондай қазақстандықтардың 70 пайызын вакциналауға 15 жыл уақыт кетеді екен. Мәжілісмендер білім саласындағы шектеулермен де келіспей отыр. Нақтысы, «бір сынып – бір кабинет» қағидасы қисынсыз деген сенімде. Талапты орындамаған мектептер тіпті жауапқа тартылып жатыр. Мәселен, бүгінге  дейін карантин талаптарын сақтамағаны үшін мектептерге 18 миллион теңге, ал балабақшаларға 9 миллионнан астам айыппұл салынған.
Жұлдыз Сүлейменова, Мәжіліс депутаты: Егер сыныпқа оқушы санын 25-тен көбейтуге шешім қабылданса, онда мектеп директорлары өз қалтасынан 638 940 теңге айыппұл төлеуге мәжбүр. Пандемия кезінде мектеп директорларына айыппұл төлету қаншалықты қисынды? Мектеп директоры өз айлығына айыппұл төлей ме, әлде отбасын асырай ма?

Жүктелуде...