Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
4 мамыр, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Карантиннің ұзарғаны туралы жалған ақпарат

Карантиннің ұзарғаны туралы жалған ақпарат

Карантиннің ұзарғаны туралы жалған ақпарат
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желілерде Хабар 24 телеарнасы эфирінен өткен бейнематериал бойынша жалған ақпарат таралып кеткен деп жазады NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі Хабар 24-ке сілтеме жасап. Бұл туралы арна түсініктеме берді: "Бейнеүзікте диктор төтенше жағдай режимінің 24 шілдеге дейін ұзартылғанын хабарлайды. Алайда о баста жаңалық Францияда қабылданған шара туралы хабар болған. Белгісіз біреулер видеоны жартылай қиып алып, осылайша елді дүрліктіріп отыр. Сондықтан ұжым карантиннің ұзарғаны туралы ақпараттың Қазақстанға қатысты емес екенін ресми түрде мәлімдейді",- деп хабарлады. Президент 11 мамырда Төтенше жағдай режимі аяқталатыны туралы мәлімдеген болатын. Сондықтан да карантиннің ұзаруына қатысты жаңалықтарға негізсіз дүрлігудің қажеті жоқ. Бейнематериалдың толық нұсқасын Youtube-тан көруге болады.