Шетелдіктер қазақтың ұлттық тағамдарын зерттеп жүр

Шетелдіктер қазақтың ұлттық тағамдарын зерттеп жүр

ашық дереккөзі

 width= "Бел көтерер", "өрме төс", "ұзынсары". Мен қандай да бір анатомиялық деректерді емес, қазақтың ұлттық тағамдарының атауын айтып отырмын. Қазіргі жұрт ұмыта бастаған ас-суды тек Наурыз мейрамында ғана көріп, дәм татамыз. Ата-бабамыз ішіп-жеген бұл тағамдардың пайдасы зор дейді, ұлттық асты дайындаушылар. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі  Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Наурызды Шымкент тұрғындары ерекше атап өтті. Зыңқалалықтар Ұлыстың ұлы күні жауыр болған тағамдарды емес, ұлтымыз ұмыта бастағандарын көпшілікке ұсынды.

Сұлтан СРАИЛОВ, салт-дәстүр орталығының директоры Наурыз көже бар, уыз көже бар, білесіздер көктемде берілетінін. Сол уызға пісірілген тағамдар бар. Мысалға бел көтерер дегенді мен өзімі қалай дайындайтыны естімеппін".
Шыны керек, бел көтерер деген асты бұрынғы қазақ ішкенін қазіргі ағайын білмейді, дейді мамандар. Олардан тағам туралы сұрай келе, оның қарияларға берілетінін білдік. Өйткені, тағам қарияға күш береді. Сондай-ақ сынған сүйекті тез қатаюына ықпалы зор. Ал, сіз ата-бабамыз күйеубалаларына қойдың төс еті, ұн, қолдың сары майы, қазы сорпасы қосылған тағам ұсынғанын білесіз бе? Ол  өрме төс деп аталады. Бүгінде халқымыз ұзынсарыға арналған тағамында ұмыта бастады, дейді Нағима Жарылқасынова. Наурыз бен маусымның аралығындағы 93 күнді қамтитын күндерге бұрынғы апаларымыз қыс бойы сүрленген соғымның етін дайындайтын болыпты. Суық ызғарлы күндер кетіп, жер-дүние жаңарғанда, ауыл-аймақтағыларды шақыртып, асып жейтін болыпты. Бір қызығы, ет бұзылып кетіп, дәмін жоғалтпас үшін ұнның ішінде сақтаған.
Нағима ЖАРЫЛҚАСЫНОВА, қала тұрғыны "Мұны біздің аталарымыз кезінде мұздатқыш болмаған сол кезде осылай сақтаған. Сол аталарымыздың жолымен сақтадым. Енді мен үйдің үлкен келіні болғандықтан, әулетіміздің үлкендерін, қайын-қайынсіңілдерімді шақырып, қаптың аузын ашып, асып, дәм таттырдым".
Нағима ханым бұл өнерін болашақта келіндері де үйретпекші. Ал, Наурызға жиналғандар осындай шара өскелең ұрпақтың санасына кезінде қазақтың дастарханында осындай ас-тағам болғандығын сіңіріп, айту дейді. Бірақ, өзіміз сақтап, бағаламағанды шетелдіктер қуана-қуана үйренуде. Мысалы, Кенияның тумасы Мория Оями шұбатқа тәнті болыпты.
Мория ОЯМИ, Кения тумасы Тәтті екен. Біздің Кенияда осындай нәрсені дайындайды. Түйе сүті де дәмді екен. Пайдалы екен. Мен Өскеменде үш жыл бойы өмір сүріп келем, бірақ шұбатты бірінші рет ішіп көрдім".
Ал, мексикандық Сандра Реал қымыз туралы диссертация жазып жүр. Магистр дәрежесін алмақшы ниеттегі азаматша сол үшін Қазақстанға келіп, қазақ тілін үйренген.
Сандра РЕАЛ, қазақ тағамдарына қызығушы "Мен қазақ тілін Мексикада оқыдым. Екі жыл бұрын. Бірақ практик емеспін. Себебі, көп адамдар қазақтар емес".
Сандра мұнымен тоқтамақ емес. Қазақ ұлтының асханасын толық меңгеруге ниетті. Ол үшін өз отанын тастап, біздің елімізде қалуға да болады дейді, азаматша. Әрине, бұл қолдауға тұралық бастамаү Өйткені, қазіргі кезде  ұмыт бола бастаған ас-тағам өте көп. Ал, олар ұлттық тамақ жанашырлары мен шетелдіктерден басқа, ешкімге қызық емес сияқты. https://youtu.be/l2D3U-fog2M

Жүктелуде...