Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
2 мамыр, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Әйеліңіз төсекте КІМДІ және НЕНІ ойлап жатқанын білгіңіз келсе... (21+)

Әйеліңіз төсекте КІМДІ және НЕНІ ойлап жатқанын білгіңіз келсе... (21+)

Әйеліңіз төсекте КІМДІ және НЕНІ ойлап жатқанын білгіңіз келсе... (21+)
ашық дереккөзі
 width= Елу жыл отассаңыз да оны бес саусағыңыздай біліп алмағаныңызға мен кепіл. Әйел – қашанда әйел. Яғни, жұмбағы көп дегенім ғой. Елу жыл отассаңыз да оны бес саусағыңыздай біліп алмағаныңызға мен кепіл. Ал әйеіңіздің сіз туралы бүге-шігеңіз, қуыс-түкпіріңізге дейін біліп алса, тіптен таңғалмаймын. Өзі сұрақ қойып тұрып күйеуінің не жауап берерін алдын ала біліп тұратын әйелдер бар. Жә, оны қоя тұралық. Біздің тақырыбымыз да, қозғайтынымыз да басқа. Мамандардың (яғни, зерттегендердің) айтуынша, әйелдің басым бөлігі төсекте болып жатқан «шаруа» туралы емес, мүлде басқаны ойлап жататын көрінеді. Сол сияқты, әйелдің барлығы да әрқашан төсекке бүтіндей беріліп, сана-сезімімен кірісіп кетпейді екен. Қысқасы, бірде олай, бірде бұлай. Оны еркектерден артық сезетін ешкім жоқ, әрине. Әркімнің күйеуі, серіктесі бар. Тұрақты серіктес (біздің ұғымымызда ол тек күйеу ғана) кездесетін әйелінің (біздің ұғымда заңды әрі некелі әйелі) қай түні қандай көңілмен жақындасқанын әрдайым есте сақтайды. Осындай сәттерде әйеліңіздің ойы мүлде БАСҚАДА екенін байқағаныңыз болды ма? Болғаны анық... Сондайда ол КІМДІ және НЕНІ ойлап жатыр деп ойлайсыз? Сіз барыңызды салып, төсек тоятын тапқыңыз және әйеліңізге де сезімнің ұшар шыңына жеткізгіңіз келіп әрекеттеніп-ақ жатырсыз. Ал ол болса, БАСҚАны ойлап жатыр. Білгіңіз келмей ме? «ОЛ НЕ ІСТЕП ЖАТЫР ЕКЕН?» «Ол нес істеп жатыр? Ұйықтады ма, ұйықтамады ма? Қазір кеп қалса, мен қайтемін?...» Міне, әйелдің ойы. Сіздің қасыңызда жатып «басқаның» қамын ойлап жатыр. Қайтеді, оны ойлайтын әйеліңізден басқа кім бар? Балалы әйелдің басқа бөлмеде жатқан кішкентай баласын төсекте жатса да естен шығара алмайды. Әсіресе, сізден оңаша отауға кірердің алдында бала мазасызданып, тамағын сол күні жөндеп ішпей, күнделікті уақытында ұйықтамай ерекше еркелік танытқан күні әйеліңізбен жақындастықта оның көңілі орнында болады деп ойламай-ақ қойыңыз. Тән ләззатынан асып түсетін ана махаббаты бар екенін ешбір еркек ұмытпайтын болса, «төсек үшін ұрыс» біреуге болса да кемитін еді. «ЕРТЕҢГЕ НЕ ІСТЕЙМІН?» «Ертең не істесем екен? Таңертең балалар не жейді? Мектепке не әкетеді? Киімі кеппей қалса...» Қысқа жіпті күрмеуге әзер жеткізіп жүрген отбасының «пірі» болсаңыз, әйеліңіздің жатарда ертеңге күнін ойлап мазасыз күйге түскені үшін кінәламай-ақ қойыңыз. Ертеңге жейтін наны болмай тұрып, көңіл көтеруге құлқы болып тұрған әйелге таңдануға болады. «Үш күндігін ойламаған әйелден без», ендеше, әйеліңіз жаныңызда жайбарақат жатып, жалынына орасын десеңіз, үш күндігі тұрмақ, үш жылдығын да уайымдатқызбайтыныңызға көзін жеткізіп қойыңыз. «ҚАЛАЙ ЖАТАМ? КӨРІП ҚОЙСА...» Ақжайманың үстіне сенімсіз, кібіртіктеп шыққаннан-ақ әйелдің бойында өзінің тәніне деген сенімсіздік, көңілі толмаушылық болатынын сезе білген де жөн. Әлде, бала тауып, толысқан әйеліңіздің сымбатына қарсы пікір айтқан ба едіңіз?! Олай болса, оның құшағыңызға еркін кіре алмайтынын білгеніңіз де жөн. Өзінің күйеуінен «толып кетіпсің» дегенді естіген әйелдің төсекте еркін болуы, сіздің қалағаныңыздай әрекет жасауы неғайбыл. Одан гөрі сымбатын қалпына келтіруге ынта беретін жағдай мен аздап қана қолдау танытсаңыз нәтижесі сол түні-ақ белгілі болады. ҚАРНЫ АШ ӘЙЕЛДЕН НЕ КҮТЕСІЗ? Біршама әйелдер төсек қатынасы кезінде тамақ ойлап жатады екен. Таңданбаңыз, бұл ең қалыпты жағдай. Одан да оның неге қарны аш екенін ойлап көріңіз. Мүмкін ол кешкі ас кезінде балаларын тамақтандырамын деп өзі аузына ас салуға мүмкіндігі болмаған шығар. Бәлкім дайындаған асы сіз бен балаларыңызға жетсін деп өзі «қарным ашып тұрған жоқ» деп жемей қоя салған болар? Ал аш адамның төсекке зауқы бола ма? Өзіңіз тамақтан бұрын төсектің шаруасына кірісер ме едіңіз? Осы жағын сәл ойлап барып, әйеліңіздің тойыңқырамай қалған сәтін байқасаңыз, емеурін танытпай-ақ қойғаныңыз абзал. Тіпті шыдамасаңыз, жатын бөлмеге «құштарлықты ашатын» тіскебасар әкеліп таңғалдырсаңыз болады. Жиі емес, әрине. «КӨТЕРІП ҚОЙМАЙЫН...» «Дәрі ішіп алайын, қоя тұршы», «абайлашы, тағы көтеріп қоймайын»... Демек, әйеліңіздің қазір бала әкелуге құлқы жоқ немесе оған жағдайы тура келмейді. Денсаулығы, балаларының кішкентай болуы, т.б. Мұндайдан қауіптенетін әйелдің де ойы ләззат алуда емес, сол төсектің шаруасын бітірген соң жүкті болып қалмайын деген қауіпте болып, өз тәнін еркіндікке жібере алмайды. Дайындаған: Жайнаған Байтұрым. ERNUR.KZ.