Қазақстандық Иманбек алған «Грэмми» қандай жүлде?

Қазақстандық Иманбек алған «Грэмми» қандай жүлде?

ашық дереккөзі

 width= Қазақстандық Иманбек Зейкенов бүгінгі таңды қуанышты жаңалықпен бөлісіп бастады. Әлемдік деңгейде берілетін, музыка саласындағы ең үлкен жүлде "Грэммиді" ең үздік ремикс аталымы бойынша жеңіп алды. БАҚ беттерінде оның жеңісі туралы ақпарат толып жатыр. Алайда осы жүлденің ерекшелігі неде? Ол қандай деген сұраққа жауап іздеп көрдік пе? Осы аталған тақырыпта Айшуақ Дәрменұлы төмендегідей қызық жазба қалдырған. Назарларыңызға жазбаны ұсынып отырмыз. Кеңес заманында шыққан анекдот бар еді. Кеңес Одағынан екі скрипкашы әлемдік додаға қатысыпты. Біреуі бас жүлде, екіншісі ең соңғы орынды алыпты. Елге екеуі бірге қайтыпты. Поезд купесінде бас жүлде иесі қуанышын баса алмай, қатты толқып әңгіме айтып отыр: -Бас жүлде алған соң маған Страдивари скрипкасында ойнауға рұхсат берді ғой. Мыңдаған көрермен алдында мына екі қолыммен, осыдан үш ғасыр бұрын жасалған, маэстроның өз қолынан шыққан скрипкада ойнадым ғой. Қандай тамаша сәт еді! - Еее, онда тұрған не бар? Кәдімгі скрипка ғой. - Саған қалай түсіндірсем екен... Мысалы, саған музейде тұрған Джержинскидің наганын берсе, сол наганнан құмарың тарқағанша тирде оқ атсаң. Бұл да сондай ғой.  width= «Grammy» – әдебиет саласында Нобель, кинемотографияда «Оскар», телевизияда «Эмми», театрда «Тони» жүлдесі секілді музыка бойынша берілетін ең жоғарғы сыйлық. Алтын жалатылған граммофон бейнесіндегі статуэтка. 1957 жылы граммофонды ойлап тапқан Томас Эдисонның 80 жылдығын атап өту кезінде кәсіби музыканттар музыка саласында жүлде тағайындау туралы идея шығарады. Символ ретінде граммофон бейнесі бір ауыздан қабылданады. Ресми түрде АҚШ-тың Өнер және дыбыс жазу Академиясы 1958 жылдың 14 наурыз күні тұңғыш рет жүлде туралы жариялаған. Бұл іс-шараға Фрэнк Сенатра қатысыпты. Ал 1959 жылы 4 мамырда Лос-Анжелес және Нью-Иоркте алғаш рет жүлде тапсырған екен. 1958 жылдан бері музыка жүлдесі туралы ереже талай рет өзгеріп, толығып отырған. Қазір музыка саласына тығыз байланысты 30 жанр бойынша 84 категория бекітілген. «Грэмми» сыйлығын алған мынадай белгілі адамдар мен музыкалық топтар бар: Фрэнк Синатра, The Beatles, The Rolling Stones, Стинг, Элвис Пресли, Джон Леннон, Тина Тернер, Джордж Бенсон, Би Би Кинг, Боб Дилан, Уитни Хьюстон, Мадонна, Бейонсе, Рианна. Дирижер Георг Шолти 31 рет (рекорд), «U2» тобы 22 рет, Майкл Джексон 13 рет алған екен. 2004 жылы балаларға арналған альбомды дыбыстағаны үшін Билл Клинтон, Михаил Горбачев, Софи Лорен «Грэмми» сыйлығына ие болыпты.  width= «Грэмми» сыйлығын алмаған, бірақ миллиондаған тыңдарманы бар әншілер мен музыкалық ұжымдар да бар. Мысалы, Тупак, Бьорк, Queen, ABBA, Depeche Mode, Kiss, Кэтти Перри әлі бірде бір рет граммофон ұстамаған. Қазақстанда талантты ұл-қыздар көп. Жүлде қадірін түсінетін адамдар Қазақстан мен Иманбекті құттықтап жатыр. Иманбек Зейкенов 63-ші маусымда «Grammy» сыйлығын алды! Түсінбейтін адамдар бас жүлде алған скрипкашыны ұқпай отырған НКВД агенті (конвой) секілді аң-таң қалып отыр.

Жүктелуде...