Әйелдер шеруінде ЛГБТ өкілдері не істеп жүр?

Әйелдер шеруінде ЛГБТ өкілдері не істеп жүр?

ашық дереккөзі

 width= Менің жатырым менің ережем. Осы аптадағы ең көп айтылған, МЕМге айналған қанатты сөздің бірі осы. Гүлге алданба, бәрібір плитаның қасынан табыласың. Жойылсын патриархат. Осындай ұрандармен апта бұрын Алматыда феминистер шеруі өтті. Ару қаланың арулары ерлерге ғана емес, жалпы қоғам санасының өзгеруіне үндеді.  width= Дәстүрлі отбасылық құндылықтарды тәрк ететін ұрандар да бар. Содан болар ғаламтор желісінде бірін-бірі қаралаған қызу пікір таластар да толастамай тұр. Айта кету керек, біздің қоғамда әйел затына қарсы әлімжеттік, тізе батыру жайттары жоқ емес. Алайда бұл жаппай сипаттағы дүние емес. Заң да әйелді бөліп жарып қарамайды. Қазақстан зайырлы мемлекет. Ердің де әйелдің де құқығы тең. Сонда шерулеткендердің шері тарқамауына не себеп? Себебіне үңіліп көрдік. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі  Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Феминизм ұғымы Латынның (lat) Фемина  Әйел деген сөзінен шыққан.  Феминистік қозғалыс алғаш 19-ғасырда Еуропада пайда болды. Алғашқы толқынды Суфражистік деп атады. Ол әйелдің мүлік және дауыс беру құқығын даулады. Екінші толқын 20 ғасырдың 60 шы жылдарында пайда болды. Ол әйелдің ерлермен әлеуметтік және құқықтық теңдіктерін толық қамтамасыз етуге бағытталды. 3 ші толқын 90 шы жылдарды қамтиды. Осы тұста феминизмнің бағыттары ерекшелене бастады. Соңғы 4-ші толқын 2013 жылдан бастау алады. Бұл кезеңде әйелдердің нәсілдік теңдіктері мен қатар ЛГБТ өкілдерінің құқығы алдыңғы қатарға шыға бастады.

Гүлзада СЕРЖАН  «Феминита» Феминистік бастамасының белсендісі: «Өткен ғасырдың 20-шы жылдары Нәзипа Құлжанова бүкіләлемдік әйелдер күнін атап өтуге ат салыссын, және де бұрын не істедік, қазір қандай жағдайдамыз және алда не істеуіміз керек деген нәрсені бізге өсиет тастап кеткен, соны орындауға жиналдық».  
Қазақ тілді феминист әйелдер өздерін бүгін пайда болдық деп есептемейді. Өздерінің шежіресін  20-шы ғасырдың басында қазақтан шыққан тұңғыш журналист, Нәзипа Құлжановадан таратады.  Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері Құлжанова ханымның атақты цитатасы бар еді. Алматыда өткен марш әлбетте біраз жұрттың ашуын шақырғаны рас. Әйелдер құқығын қорғауды бүкіл қоғам қолдайды, бірақ ЛГБТ өкілдері неғып жүр? Жұрттың уәжі осы.  Әсіресе ұлттық құндылықтарды дәріптеуші Ырза ханым ырза емес. Митингке рұқсат етілгені, полицияның шеруді сүйемелдеуі  тіптен жанына батқан. Әсіресе мына бір ұран көптің шамына тиген. Секс жұмыс жасап жүрген әйелдердің адам құқығы, қадір қасиеті бар екенін баса айтамыз.
Ырза ТҰРСЫНЗАДА Қоғам қайраткері: «Қалай жезөкшемен қадір қасиеттің басын біріктіреді? Ананың қадірі бар, қыздың қадірі бар, қыздың қасиеті бар қазақта.Елдің қасиеті бар, тұғырлы тарихтың қасиеті бар. Қалай сонда сіз киелі сөзді тәнін сатып жүрген жезөкшемен байланыстырасыз?»
 
Жанар СЕРКЕБАЕВА  «Феминита» феминистік бастамасының негізін қалаушы: «Мен -  біз өмірі аллаға сендік, рухани құндылықтардан аттап, азғындыққа бару күнә деп айтатындарға таң қаламын. 70 жыл бойы дінсіз болғанымызды еске салғым келеді. Желіде жаза бермей келіп, жолығып дәлел дәйектермен пікір алмасуға шақырамын. Мен өзім зерттеушімін, қаралайтын адамдарды түсінемін. Бірақ бізді де жұрт естісе екен дейміз. Адам табиғи жаратылысынан кілтипан шыққаны үшін кінәлі бола алмайды. Түсіністік, диалог керек».  
Мамандар не дейді? Психологтардың айтуынша феминизмнің түпкі мақсаты әйелдің құқығы мен бостандығы. Бірақ ЛГБТ қауымдарын бұл топтан бөліп қараған абзал дейді. Және олар:
Венера ТЕЛЖАН ПСИХОЛОГ: «Еліміздің бір жарты процентін алып тұрған қауым емес. Бұдан ешқандайда қорқудың қажеті жоқ. Тек қана зерттеу керек. Оларды ешкім қысып та жатқан жоқ. Мемлекеттің тарапынан ешқандай қысым көрсетіліп жатқан жоқ».
https://youtu.be/ZacdSsjUoN0

Жүктелуде...