Мадонна коронавирус жұқтырды ма?

Мадонна коронавирус жұқтырды ма?

ашық дереккөзі

Танымал американдық әнші Мадоннадан коронавирусқа антидене анықталған. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында бөліскен деп хабарлайды NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі Lenta.ru-ға сілтеме жасап. "Жуырда ғана коронавирусқа тест тапсырып, нәтижесінде антидене барын білдім. Ертең COVID-19 сіңіп қалған көліктің терезелерін ашып тастап, кең тыныс алып, ұзақ сапарға аттанамын",- деген жазба қалдырған 61 жасар әнші. Ол сондай-ақ осы постында адами қасиет жөнінде сөз қозғаған. "Мені таң қалдыратыны, адамдар не ойлайды, қалай оларды қарату және дауласуда жеңіп шығу туралы ойлар бізді қатты мазалайды екен. Осылай ойлағаным үшін өзімді жек көремін. Уайымның шырмауынан шыққым келеді",-деп жазған. Желі қолданушылары әйгілі әншінің шынымен коронавируспен ауырғанына сенбейтінін айтқан. Бұған дейін ол жұқпалы індетпен ауырып жатқаны туралы тіс жармаған. Мадоннаға қайтадан тест тапсыруға кеңес берген. Кейде бір реттік тест дұрыс қорытынды бермеуі мүмкіндігін айтқан. Бір ай бұрын әнші коронавирус індеті туралы өз ойын білдірген болатын. Ол "COVID-19 сенің бай немесе танымал, күлкілі немеса ақылды, болмаса қайда өмір сүретініңе, қанша жаста екеніңе, қандай оқиғалар айта алатыныңа қарамайды. Ол ұлы теңдестіруші. Оның істеген сұмдығы, оны Ұлы етеді. Ең сорақысы барлық нәрседе теңдестірді. Ең кереметі де сол, ол барлық нәрседе теңестірді",-деп жазған болатын. Еске сала кетсек, әнші Мадонна коронавирустық инфекцияның емін іздеу мақсатында құрылған Bill & Melinda Gates Foundation қайырымдылық қорына 1 миллион долларды аударған болатын.

Жүктелуде...