Астық шіріп кетуі мүмкін: Қытай Қазақстанның тауарын шекарадан өткізбей отыр

Астық шіріп кетуі мүмкін: Қытай Қазақстанның тауарын шекарадан өткізбей отыр

ашық дереккөзі

 width= Қазақстаннан Қытайға азық-түлік экспорттайтын компаниялар үкіметтен көмек сұрап отыр. Айтуынша, Қытай кеденшілер тауар тиелген вагондарды шекарада өткізбей, құр ұстап отыр. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі Bugin.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды. Қытай Республикасы пандемияның кесірінен шекараны жауып тастаған еді. Ақпанда тасымалдың 76%-ын ғана шекарадан өткізсе, 2021 жылдың екі айында жүктің 74%-ын ғана өткізген. Ал Қазақстан кеденшілері қытайдың бүкіл тауарын еркін кіргізіп жатыр. Тіпті жүктің 10%-ын артық өткізген.

"Біз Қытайға астық экспорттаймыз. Жүгіміз шекарадан өте алмай әлі тұр. Астық шіріп кетуі мүмкін. Тасымалға кеткен шығынды да ешкім өтеп бермесі анық. Егер Қытай нарығын жоғалтып алғымыз келмейді десек, Сыртқы істер, сауда және интеграция министрліктері және бүкіл мемлекеттік орган бірігіп, Қытай тарабымен келіссөз жүргізуі керек. Онымен қазір ешкім де айналысып жатқан жоқ", - дейді "Астық Транс" компаниясының кеңесшісі Бауыржан Шәкіров.
Оның айтуынша, Қытайдың неге астық алмай жатқанын ешкім білмейді. Нақтырақ айтсақ, ешкімде ресми хабар жоқ. Ал Қазақстанның астығын сатып алушы қытайдың серіктес компаниясы да өзінің билігіне сөзін өткізе алмай отыр. Ал тағы бір астық өндіруші компанияның директоры Қанат Баймұхаметовтің айтуынша, мұндай қиын жағдайға олар бірінші рет тап болған.
"Желтоқсан айынан бері вагондарымызды өткізе алмай отырмыз. Ауыл шаруашылық министрлігіне де, сауда министрлігіне де жүгіндік. Бірақ саусақ қимылдатқан ешкімі жоқ. Егер бұл жағдй шешілмесе, онда Қазақстанның бүкіл астық өндірісі құлдырауы мүмкін. Диқандар астығын өткізе алмай дал болады. Оның үстіне, біз диқандармен тікелей жұмыс істейміз. Тауарды қарызға алғанбыз. Ал оны өткізе алмасақ, диқандар да бидай еге алмайды", - деп түсіндірді GREEN GOLD SKO бас директоры.
Ал "Транко" логистикалық транспорт компаниясының басшысы Сергея Анашкинаның айтуынша, Қазақстан үкіметі мен ҚТЖ әлі күнге дейін Қытайдың мемлекеттік органдарынан ресми мәлімдеме ала алмай отыр.
"Қазір Қытай тасымал жоспарын қарап жатыр. Бұл – жүкті қабылдауға ниетті екенін білдіреді. Бірақ оны қабылдаудың технологиялық мүмкіндігі жоқ. Мұндай қиын жағдайда тезірек сауда жобасын қарап, тауап өткізудің тетіктерін қарастыру қажет. Қазақстан мен Қытайдың үкіметаралық мекемелері бірге шешуі тиіс", - дейді ол.
Айта кеткен жөн, Қытай карантин шараларын күшейтіп, жазда шекарасын жауып тастаған. Содан бері шектеуді шешкен жоқ. Бұдан көрші елдің өндірісі шығынға батуда.

Жүктелуде...