Құнанбай қажының Меккеде қонақүй салдырғаны туралы видео әлеуметтік желіде тарауда

Құнанбай қажының Меккеде қонақүй салдырғаны туралы видео әлеуметтік желіде тарауда

ашық дереккөзі

Соңғы онжылдықта ұлы ақын Абайдың әкесі Құнанбай қажының киелі жер саналатын Меккеде қонақүйінің қай жерде орналасқаны іздестірілуде. WhatsApp желісі арқылы қажылығын өтеп жүрген белгісіз кісінің Құнанбай қажының салдырған Тәкиесі Қағбаға қарама-қарсы орналасқан қонақүйдің орны болуы мүмкін деген болжам бар, деп хабарлайды NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі. Видеода ол Аль-Харам мешітіне қарсы беттегі Дарль-Таухид деген қонақүйдің орны болуы мүмкіндігі туралы өз пікірін білдіреді. Әрине оның анық-қанығына көз жеткізу үшін тиісті орындар мен қызығушылығы бар тарихшы-ғалымдар алдағы уақыттарда айналысады деген үміттеміз. Біз өз кезегімізде Құнанбай қажының би, болыс, аға сұлтан кезінде оның қазақтың дәстүрлі дала заңын сақтай отырып, шариғат жолында дін ұстанған адам болғандығы екенін оқырман назарына жеткізгіміз келді. Құнанбай Өскенбайұлы Меккеде екі жылдан астам уақыт тұрып‚ Құдайға құлшылық етушілерге арнап, қонақүй әрі медресе қызметін атқарған үй салдырған деген дерек тарихта бар. Бұл шамамен 1874-75 жылдары болса керек. Құнанбай қажының ондағы мақсаты мұсылман елінен барған адамдар түсетін үй - Тәкиеның іргетасын қалау. Бұл сапар жайлы деректер 1883 жылы Қазанда басылған «Маңызды мәселeлер» деген кітапта Абайдың немере інісі Шәкәрім Құдайбердиевтің кітабында да айтылады. Ал Әкесінің бұл сапары туралы Абайдың: «Меккеде уақып үй салып, Пәтер қып, жаққан шырақты. Бір құдайдың жолына, Малды аямай бұлапты»-деген. Айта кететін жайт, биыл Құнанбайдың ұлы, қазақтың ұлы ойшыл ақыны Абайдың туғанына 175 жыл. https://youtu.be/8-9RJvyDiRk Меруерт АМАНКЕЛДІҚЫЗЫ  

Жүктелуде...