Күні кешеге дейін Тәжікістан мемлекеті бірде-бір коронавирус індеті тіркелмеді деп келген еді. Осыған байланысты Тәжікстанның мемлекеттік комиссиясы 30 сәуірде елде коронавирус жұққан кемінде 15 адам бар екенін алғаш рет мәлімдеді деп жазады NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі Lenta.ru-ға сілтеме жасап.
Тәжікстанның денсаулық сақтау және халықты қорғау министрлігі 29 сәуірде Худжандта - 10, Душанбеде 5 адамға вирус жұққанын анықтаған.
Аспан асты елінен шыққан COVID-19 індетін Тәжікстан басшылығы эпидемия басталған уақыттан бері елде коронавирус жұқтырғандар жоқ деп келген.
Алайда кейін белгілі болғанындай, елде аурухана қызметкерлері мен басқа да адамдардың түсініксіз пневмония мен тыныс жолдары ауруларынан көз жұмып жатқаны туралы ақпарат тарай бастаған.
10 сәуірден бастап жұқпалы індеттің таралуын болдырмау мақсатында, Тәжікстан билігі шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларды елге кіргізбеу үшін шекараны жабу туралы шешім қабылдаған.