Қазақстанда 20 адам COVID-19 вирусынан жазылды, - деп хабарлайды
Newsroom.kz тілшісі
Coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
"20 адам коронавирус індетінен жазылып шықты: Нұр-Сұлтан қаласы - 1, Атырау облысы - 6, Қарағанды облысы - 4, Түркістан облысы - 4, Шығыс Қазақстан облысы - 1, Батыс Қазақстан облысы - 1 Ақтөбе облысы - 3", - делінген хабарламада.
Қазақстан бойынша коронавирустан жазылғандар саны 899-ға жетті.