Тұрсынбек Қабатов мұқтаж 200 адамға ауызашар берді

Тұрсынбек Қабатов мұқтаж 200 адамға ауызашар берді

ашық дереккөзі

 width= Әзілкеш, актер, "Әзіл әлемі" театрының директоры Тұрсынбек Қабатов 200 мұқтаж адамға ауызашар берді деп жазады NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап. Бұл туралы әзілкештің жары Мөлдір Мұқанова өз Instagram парақшасында жариялаған. "Бүгін мұқтаж отбасыларға ауызашар жіберген Тұрсынбек мырзаға @hantalapai_nursultan мейрамханасы ұжымы атынан алғыс білдіреміз. Алла разылығына бөлей берсін. Бастаған әр ісіңізге береке тілейміз. Есеп бере кетейін, Тұрсынбек мырза 200 адамға ауызашар берді",-деп жазды Мөлдір Мұқанова. Ауызашар тағамдарын бірнеше қыз-жігіт мұқтаж отбасыларға үйіне дейін көлікпен жеткізіп берген. Ол туралы желіге арнайы видеоға түсіріп жүктеген. Алайда желі қолданушыларының кейбірі алғысын айтса, кейбіреулері жақсылықты жария етпеуге шақырды. "Жағдайы төмен кісілерге берсеңіздерші, қалада жағдайы бар, сіздің берген садақаңызға мұқтаж емес қой, пәтер жалдап тұратын кісілерге берсеңіздерші", "Алла разы болсын! Мұқтаж жандар тізімін қайдан аласыздар?", "Алла істеріңізді оңғарсын!", "Берекелі тірлік болсын!", "Жақсылықты не үшін жария етесіз, есеп беруге міндетті емессіз", - деп жазды.

Жүктелуде...