«Ең қысқа әңгіме» республикалық байқауының жеңімпаздары анықталды

«Ең қысқа әңгіме» республикалық байқауының жеңімпаздары анықталды

ашық дереккөзі

 width= Newsroom.kz порталы бір ай бұрын шынайы өмірден алынған оқиға желісіне құрылған «ең қысқа әңгіме» байқауын жариялаған болатын. Аталған байқау бойынша жеңімпаздар анықталды. Конкурс шарты бойынша дауыс беру, пікір саны, көрілім сандарының және әңгіменің мән-мағынасы ескеріле отырып, төмендегі қатысушылар жеңімпаз атанды. ІІІ орын. Айсауле Кожахметовна: «Маяки безмятежности». 124 дауыс, 377 көрілім. ІІ оры. Сафина Ақтай: Кемпір. 341 дауыс, 1204 көрілім. І орын. Нұршат Ерсайын: Қайыршы. 171 дауыс, 1581 көрілім. (Аталған шығарманың дауыс беру нәтижесі аз болғанымен, шығарманың өмірден алынғаны әрі ең қысқа әңгіме талабына сай болуында). Байқау жеңімпаздарына І, ІІ және ІІІ дәрежелі диплом беріледі; І орын: 50 000 теңгелік Меломан кітап дүкеніне сертификат ІІ орын: 30 000 теңгелік Меломан кітап дүкеніне сертификат ІІІ орын: 20 000 теңгелік Меломан кітап дүкеніне сертификат Айта кету керек, байқауға барлығы 50-ге жуық әңгіме келіп түсті, алайда олардың ішінде тек нақты талапты орындағандар және сайт бетіне жарияланғандары - 12. 10 еңбек қазақ тілінде, 2 еңбек орыс тілінде жарияланды. Алдағы уақытта бұл конкурс дәстүрлі түрде жалғасын табады және қатысушыларға белсене қатысып, жеңімпаз атануларына тілектеспіз. Жеңімпаздарды редакция атынан жеңісімен құттықтаймыз. Шығармашылық табыс тілейміз!

Жүктелуде...