Байқау

Нұршат Ерсайын: Қайыршы

4.4
(171)

Ерсайын Нұршат Бейсеналықызы. 1996 жылы 9 қарашада Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Қызылшаруа ауылында дүниеге келген.

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің түлегі.

Қайыршы

Кеш. Күнделікті өтетін орталық мешіт маңына жақындағанда әдеттегіше тиынымды дайындай бастадым.

Аяғын ескі қалың қоңыр көрпешемен ораған жігіт ағасының жанына жақындап келіп тиынымды тастадым. Ол да менің өзін көрген сайын құр өтпейтінімді білетін сияқты. Аянышты көздерімен алыстан қарсы алады. Мен де кішкене балаға кәмпит беріп қуантатындай оған үйреніп қалыппын.

Үйге жете бере есіме түсті. Жұмыста қуаттағышым қалып қойған екен. Кеш қоюлана бастапты. Келген жолыммен кері қайтып келемін.

Мешіт маңы. Манағы жігіт ағасына көзім түсті. Жан-жағына алақтап қараған күйі арбасынан тұрып, ескі қоңыр көрпесін арбаға салып жолдың арғы бетіне сүйрете өтіп бара жатты. Жүрісі шапшаң екен. Жеңіл бір күрсіндім. Енді тиыным жоқ кезде «Арбаға таңылған ағаның» қасынан қысылмай өтетін болдым ғой деп ойладым.

Келін

Көп болған. Ұлының хабарсыз кеткеніне. Жалғыз ана үшін төрт жыл тым көп уақыт.

Таң. Сенбі. Әминә үшін бүгін қуанышты күн. Жай сенбі болғаны үшін емес, кеше ұлы хабарласып келетінін айтқан. Жалғыз емес. Айтысына қарағанда келінді, тіпті немерелі болып үлгеріпті. Содан бері бақытты сияқты. Содан бері көңілі күпті сияқты. Әйтеуір біртүрлі.

Күте-күте қалғып кеткен екен. Көлік дауысынан лезде оянды. «Келді, келді!», – деді қуаныштан сүріне-қабына тұрып жатып.

Расымен келген екен. Күткендері. Алдымен көліктен көптен көрмеген ұлы түсті. Бағанадан бері күткені ұлы емес, басқа біреудей ұлын құшақтап тұрып та, көлікке қарағыштай береді. Соны сезген ұлы көліктен топ-томпақ ұл баланы қолына ұстата салды. Басы айналып кеткендей болды. Қуаныштан. Есін жияп қараса қарсы алдында өзінен бірер жас кіші әйел жымиып қарап тұр екен. «Құдайғи да келген екен ғой» деп ойлап үлгергені сол, кексе әйел  жымиған күйі бұған сәл иіліп сәлем салған болды. Басы айналып кетті…

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4.4 / 5. Бағалар саны: 171

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

7 Пікірлер

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button