Помпео: "Ресей бізге жау деген елдердің тізімінде тұр"

Помпео: "Ресей бізге жау деген елдердің тізімінде тұр"

ашық дереккөзі

[caption id="attachment_38255" align="alignnone" width="640"] width=  [/caption] АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Ресей Американың дұшпандары тізімінде екенін айтты деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

"Менен әрдайым біздің жауымыз кім деп сұрайды және бұған жауабым: өмір салтымызға, республикамызға, негізгі демократиялық қағидаларға нұқсан келтіргісі келетіндер көп. Ресей сөзсіз осы тізімде", – деді Помпео өз сұхбатында.
Әдетте АҚШ-тың ресми өкілдері Ресейді жау емес, қарсылас деп атайды. Помпеоның өзі осы аптаның басында Вашингтонның Мәскеуге деген көзқарасы туралы айтқан кезде "бәсекелестік" тұжырымдамасын қолданды. Мемлекеттік хатшы АҚШ-тың бұқаралық ақпарат құралдарындағы Ресейдің соңғы кибершабуылдарға қатысы бар деген ақпаратты еске түсірді.
"Біз мұндай жағдайды өте ұзақ уақыттан бері байқап келеміз. Асимметриялық потенциалды пайдаланып, олар АҚШ-ты ақы төлеуге апаратын жағдайға жеткізуге тырысады", – деп қосты Помпео.
Ол сонымен бірге Ресей басшылығы "бостандықты сүйетін адамдар үшін нақты қауіп" екенін айтты. Сонымен қатар, Помпео Ресейден келетін қауіптің аз емес екенін айта келе, Қытайды да АҚШ-қа қауіп төндіріп тұрған елдер қатарына қосты.

Жүктелуде...