3-4 күн бұрын бір әйел келген.
- Вы квартиранты да? Почему в подъезде курите?,-деп жұлқынып тұр. Мен подъезде темекі шекпейтінімді айтып, ақталып әлекпін. Полиция подполковнигімін дейді.
- Айналайын ау, темекінің маркасы да басқа ғой, менікі Esse, мынау басқа марка,-деймін. Қоймады. Дауласу ештеңеге әкелмейтінін түсіндім да, мақұл деп қоя салдым.
12-лер шамасында есік қағылды. Көрші келіншек:
- Алдында келген Әсел ше, бірінші қабаттағы. Солар чат ашып жатыр екен. Азық-түлік, жеткізу мәселелері бойынша. Әселге хабарласыңызшы..
Whatsapp-ына жазып жібердім. 2 минуттан соң ортақ чат ашылды. Болды. Енді менің де көршілермен ортақ чатым бар!
Жарты сағаттай қарап отырдым. Сүтті кім алып келеді, нанды кім алып келеді деген пендиауи әңгімелер.
- Бала-шағаны ең болмаса подъезд алдына 15 минутқа алып шығуға бола ма?,-деді біреу. Шамасы жас отбасы секілді.
- У меня дома огроменная собака. Овчарка. Она уже сума сходит, ей побегать надо. Мне вот как быть с ней?! Полисадничек нас не устройт, потому что эта псина здоровая,-деді 42 пәтердегі Наталия шешей (ия, бүгіннен бастап ол кісіні солай атауды шештім).
Ақпараттық салада жұмыс істейтінім есіме түсіп, мен де бар инфомен бөлісе бастадым. Сыртқа шығуға да, кіруге де болмайтынын. Карантин режимін бұзғандар тіпті коронавирусты жұқтырмаса да 5 млн теңге көлемінде айыппұл салынатынын, ал егер жұқтырса
әдейі емес болса да 5 млн аса айыппұл мен 10 жыл түрме күтіп тұрғанын айтып бақтым.
Қоқысты таңғы 9 дейін есік алдына апаратын болдық. Күні бойы сасып тұрмау үшін.
2-3 адам айткрыткалар жолдап, спамдата бастап еді, 69 пәтердегі Қарлығаш әпше тыйып тастады. Тек пайдалы ақпарат салыңдар деп. Қарлығаш әпше түрі суық болғанымен, немерелеріне жақсы әже секілді.
3 күн бұрын ұрысқан Әсел жақсы адам болып шықты. Чатта біраз мәселені ақылдасып, біраз жаһандық проблеманы шешіп те тастадық. Азық-түлікті дүкеннен жеткізіп беретін волонтер тауып беріп, өзіме деген құрметін одан ары арттырдым. Бөлемді «по тихаря» үйге кіргізетін болды. А ия, оларға да демалыс беріпті. Үйге келуден басқа жол жоқ. Заңды амалсыз бұзудамыз.
Әзірге көршілермен татумыз. 12 күн қалды. Алда не болатынын..
Кешке ванна қабылдау жоспарым бар. Әлде ертең ба..
Үй жинау керек еді. Бөлемнің қадірі өтіп жатыр.