Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
24 сәуір, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Түркістан: Төлеби ауданында әлеуметтік төлемдер тұрғындардың үйіне жеткізіліп берілуде

Түркістан: Төлеби ауданында әлеуметтік төлемдер тұрғындардың үйіне жеткізіліп берілуде

Түркістан: Төлеби ауданында әлеуметтік төлемдер тұрғындардың үйіне жеткізіліп берілуде
ашық дереккөзі
Түркістан облысында зейнетақы мен 42500 теңгелік әлеуметтік көмекті тұрғындардың үйлеріне жеткізіп беру жұмыстары жалғасуда. Ондағы мақсат - коронавирус індетінің алдын алып, кең етек жайып,таралып кетпеуіне тосқауыл қою. Осы мақсатты көздеген Төлеби аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері зейнетақы мен 42500 теңге алушы азаматтардың үйлеріне барып, қолма-қол үлестіріп беруде. Ол үшін арнайы мамандар мен автокөліктер де бөлініпті. Аталған бастама аудан әкімдігінің бақылауына алынған. Осылайша төлебилік әлеуметтік көмек тағайындалған азаматтар төлемдерге үйінен шықпай-ақ қол жеткізіп отыр. Мәселен, аудан бойынша бір күнде 500-ден астам адамға зейнетақы, жалақы, әлеуметтік төлемдер оның ішінде 42500 теңге жеткізілуде. Бұл жұмыстар төтенше жағдай кезеңінде яғни карантин кезеңі аяқталғанша жалғасатын болады.