Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
24 сәуір, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Оба ауруымен күрескен дәрігер Халел Досмухамедовтың туған күні

Оба ауруымен күрескен дәрігер Халел Досмухамедовтың туған күні

Оба ауруымен күрескен дәрігер Халел Досмухамедовтың туған күні
ашық дереккөзі
Алаштың азаматы Халел Досмұхамедов өз заманында қоғам қайраткері, этнограф, әдебиетші, тарихшы, табиғат зерттеуші және ағартушы ретінде, дәрігер болғаны тарихтан белгілі. Бір сөзбен айтқанда "әмбебап" тұлға болған. Алайда оның қазақ медицинасына қосқан үлесі орасан зор екенін айта кеткеніміз жөн. Халел Досмұхамедұлы 1883 жылы 24 сәуірде туған. Орал өңірінің тумасы. Ол ержетіп, әскери медициналық академиясында білім алады. Ол сол жылдары қоғамға деген дүниетанымын қалыптастырып, өмірдегі жолын таңдайды. Әскери қызметте жүріп, жігіт Халел халықтың дәрігерлік көмекке аса мұқтаж екенін ұғады. Қарапайым сақтық шараларды білмеуге байланысты түрлі жұқпалы ауру түрлерінен адам өлімі көп екеін түсінеді. Әсіресе халық арасында оба дерті өршіп тұрған кез. Халыққа дәрігерлік көмек көрсетіп, емдеу жұмыстарын жүргізу үшін Досмұхамедов 1913 жылы ол әскери қызметтен кетеді. Сол жылы Орал облысының Темір уезіне учаскелік дәрігер болып жұмысқа тұрады. 1920 жылға дейін оба індетінің ошақтарын жоюға белсене қатысады. 1915 жылы Қазақстанның бірқатар аймақтарында, әсіресе, батыста оба эпидемиясы басталған кез болатын. Халел Досмұхамедов осы қатерлі аурумен күресуге көп үлес қосқан. Басылымдарда жұқпалы ауру түрлері туралы қарапайым халыққа түсінікті тілмен әр аурудың сипатын, емдеу жолдары туралы еңбектер жазды. Сондай-ақ ол қазақ зиялыларымен қоғамдық істерге белсене ат салысады. Алаш Орда үкіметі құрушылардың қатарында болған ол "халық жауы" атанып, 1939 жылы өзінің туған күнінде ату жазасына кесіледі. Алайда ол көп ұзамай, сол жылы абақты ауруханасында өкпе ауруынан қайтыс болады. Тек қана 1958 жылы ғана ақталды. Халел Досмұхамедұлының бес перзентінен тараған әулеттен он үш ұрпақ дәрігер мамандығын иеленіп, атадан қалған мұраны жалғастырып келеді екен.