weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
24 сәуір, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Коронавирус алғашқы кезекте ағзаның қай бөлігін зақымдайтыны анықталды

Коронавирус алғашқы кезекте ағзаның қай бөлігін зақымдайтыны анықталды

Коронавирус алғашқы кезекте ағзаның қай бөлігін зақымдайтыны анықталды
ашық дереккөзі
Ғалымдар коронавирус инфекциясы жиі зақымдайтын жасушаларды анықтады, - деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігі Stan.kz  сайтына сілтеме жасап.  АҚШ-тың Гарвард және Массачусетск университетінің ғалымдары SARS-CoV-2 вирусына ағзадағы екі ақуыз денеге еніп, одан әрі таралуына ықпал ететінін анықтаған. Олар зерттеуді РНҚ деректеріне сүйене отырып жасапты. Ауру тудырушы вирус мұрын қуысындағы секреторлы жасушаларды, өкпеде ІІ типтес пневмоциттерді, ал ішекте энторциттерді алғашқы кезекте зақымдайтын көрінеді. Ішек қуысының жасушаларына зиян келгендіктен адамның ас қорыту қызметі бұзылады екен. Тәжірибе авторлары аталған зерттеудің коронавирусқа қарсы препаратты жасап шығарумен айналысып жатқан ғалымдарға септігін тигізеді деген сенімде.