"Сайрам" сөзін "Авеста" еңбегінен кездестіруе болады

"Сайрам" сөзін "Авеста" еңбегінен кездестіруе болады

ашық дереккөзі

 width= Сайрам туралы алғашқы деректер біздің жыл санауымызға дейінгі ІV ғасырда парсылардың шежіре кітабы "Авестада" кездеседі. Аталмыш бастау хатта қаланың орналасу ендігі Сайрам елі деп көрсетілген екен. Соған қарағанда бұл атау қаланың ықпал ету аймағын білдірсе керек. Көне тұрік тілінде "Сайрам" "Тастақ сай" деген ұғым береді. Ал Исфиджаб "Екі дария аралығы" деген   сөздің баламасы екен. Қаланың одан басқа да Орынкент, Аққала деген атта-ры болған. Бірақ, тарихи жазбаларда да, кейінгі замандары да бұл атаулар сирек қолданылады. Діни аңыздарда бұдан баска да деректер бар. "Қазығұрттың басында кеме қалған" дейді. Ол Нұх пайғамбардың кемесі. Барлық жан-жануарлар кемеге кейінгі ұрпақ тарату ұшін жұп-жұп болып тиелген еді. Кеме тау басына тоқтап, дұниені басқан топан су қайта бастады. Сол кезде бірінші болып Сайрам өңірі топан судан ашылып, кемеде тірі қалған жан-жануарлар осы жерге қоныс теуіп, аңыздың айтуынша, адамзаттың екінші өмірін бастаған.   Діни аңызда тағы бір айтылатыны, Сай-рамнан 7 шақырым жерде Нұх пайғамбардың ұш ұлының бірінің қырык, метрлік қабірі бар екен. Оған қоса Мәриям ананың қабірі де бар. Біреулер онда Иса пайғамбардың анасының сүйегі жатыр деседі. Шамасы, ол ерте замандары христиандар салып, құлшылық қылатын жай болса керек. Сайрамдағы Қожа Салық пен Бибі Ғияз қабірлерін жұрт Қыдыр атаның ата-анасының мұрдесі деп қасиет тұтады. Айтпақшы, Отырарға баратын жер асты жолы осы арадан бастадатынға ұқсайды. Исфиджаб әуелгіде өзге қоныстардан ерекшеленіп, ор-талық ретінде қалыптасқан еді. Оның бірте-бірте дамып, өсіп-жетілуіне, ал арада мың жыл өткенде, яғни VIII ғасырға қарай айрықша өркендеп, гұлденіп кетуіне көпте-ген факторлардың әсері тиді.

Жүктелуде...