weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
19 қараша, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Сайрам қаласы ең ірі бекініс болған

Сайрам қаласы ең ірі бекініс болған

Сайрам қаласы ең ірі бекініс болған
ашық дереккөзі
 width= Якут өзінің энциклопедиялық сөздігінде Испиджаб жайлы тереңірек сипаттама берген:
«Испиджаб-Мәуереннахрдың Түркістанмен шекаралас жатқан жеріндегі үлкен де басты қаланың атауы. Басқа да қалалар секілді оның жері кең, елді мекендері көп. Ол-гүлденіп келе жатқан жайлы жер. Ағашы көп, жері құнарлы, бау-бақшасы жайқалған сулы өлке. Хорасанда да, Мәуереннахрда да салық төлемейтін қала жоқ, тек Испиджабтың ғана салық төлемеуге құқы бар,өйткені ол-үлкен шекаралық бекініс. Сол себепті тұрғындар қару сатып алсын деп салықтан босатылған еді».
Жоғарыда айтылғанға қарағанда, Испиджабтың дамуы бәрінен бұрын өзінің құнарлы Бадам жеріндегі қолайлы орналасуы мен сауда жолдарының нағыз қиылысында тұрғандығынан. Сауда жолдары бұл жерде бірі Тараз арқылы Шығыс Түркістанға, екіншісі-Арыс өзенін бойлай,одан әрі Отырарға,Сыр бойының қалаларына бағыт алады. Үшінші жолы-солтүстікке, Баба-Ата, Құмкент,Созаққа апарады.