Американдық актер Ричард Гир 70 жасында көпбалалы әке атанды. Бұл туралы Hello басылымы жазды, - деп хабарлайды NewsRoom+ ақпрат агенттігінің тілшісі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Әртістің 37 жастағы әйелі, испан журналисті және белсенді Алехандра Сильвадан бір ұл бар. Олардың екінші рет ата-ана атанғаны анықталды: жұптың тұңғыш баласы 2018 жылдың ақпан айында дүниеге келген. Сонымен бірге Гирдың американдық актриса және бұрынғы модель Кэри Ловеллден 20 жасар ұлы бар.
Гир мен Сильва 2018 жылдың сәуірінде үйленді. "Мен ғаламдағы ең бақытты адаммын. Енді қалай болу керек? Мен ақылды, сезімтал, адамдарға көмектесуге дайын, көңілді, шыдамды және кешіре білетін әдемі әйелге үйлендім. Ол керемет аспаз және әлемдегі ең жақсы салаттар жасайды!" - деп актер оның үйленуі туралы айтты.