
Ортағасырлық Сайрам қаласының қалдықтары қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент қаласынан шығысқа қарай 10 шақырым жердегі осы аттас ауылдың аумағында жатыр. Ертедегі дерек көздерінде Сайрамның басқа аты – Испиджаб жиі кездеседі.
Махмуд Қашқари 1047 жылы құрастырған өзінің атақты «Түркі тілдерінің лұғатында» былай деп жазады: «Сайрам – Испиджаб деп аталатын Ақ қаланың (әл-Мәдинат әл-Байда) атауы. Оны сондай-ақ Сариям деп те атайды».
Сайрам – Испиджаб Ұлы Жібек жолы бойындағы ірі қалалардың бірі, ол түрлі діндер: христиандық, зороастрлық және мұсылмандықтың тоғысқан орталығы болды. Қала мұсылмандықтың түркі жеріне ене бастаған кезінде осы әлемдік діннің бірі болып табылатын исламның тірегіне айналды. Қазір де Сайрамның әулиелеріне мыңдаған мұсылмандар келіп, зиярат етіп кетуде.
«Тарихи-и-қашғар» атты тарихи шығармада оны қазақтардың ханы деп атайды. Осы мәліметтерді негізге ала отырып, біз кесене құрылысы ХҮІ Наурызахмет салғызған ғимарат тозып болғандықтан оның орнына 1860-шы жылдардың аяғында бізге жеткен қазіргі кесене салынған.
Әбдел Әзиз баб кесенесінің бөліктері өзара үйлесімді композияцияда орналастырылған, сыртқы бітімі сымбатты. Ғимаратты тұрғызуда Орта Азия мен Қазақстанның ортағасырлық сәулет өнерінде қолданылған үйлесімдік тәсілдердің пайдаланғаны анықталды.
Сайрам елді мекенінің орталығында Қожа Ахмет Ясауи анасы- Қарашаш ана кесенесі орналасқан. Қазіргі кесене 1851-1852 жж. тұрғызылыпты. Сайрам елді мекенінің солтүстік-шығыс шетіндегі дөң үстінде 1880 ж. қайта тұрғызылған Қолжа Ахмет Ясауидің әкесі – Ибраһим ата кесенесі тұр. Ауылдың орталық бөлігіне жақындау Қарамұрт ауылына баратын жол бойында орналасқан Қожа Салықтың кесенесі ХІХ ғасырға жатады және оның пошымы алдында аталып өткен порталды-күмбезді кесенелерден өзгеше. Жоспарда шаршы болып келетін кесен төбесі уақытында бірінің үстіне бірі орнатылған екі күмбезбен жабылған болатын (сыртқы күмбезі бізге жетпеген), төрт қасбетінде үстіңгі бөлігі сүйір етіп өрілген қуыстары бар. Оңтүстік қасбетінің ішіндегі қуыс қабырғасына құмырларға салынған гүлдер бейнесі салынған.
Қызыр пайғамбар мешітінің байырғы Сайрамның орталығының оңтүстік-шығыс бөлігіне орналасқан. Ол бізге жетпеген мешіт кешені құрамында болған. Қазір оның айналасында құрылыс жоқ, ол ашық ара-кідік тал өскен алаңда тұр. Шығыстанушы Н.И.Веселовский Сайрам ескерткіштерімен танысқан кезде мұнарадағы жазуға назар аударған: «Мешіттің қақпасы алдында онша биік емес мұнара тұрғызылған, онда парсы тілінде шағындау жазу бар». Мұнараның үстіңгі бөлігі ХХ ғасырда 20 жылдары болған жер дүмпуінен бүлінген, қазір ол қалпына келтірілген.
Мұхтар ҚОЖА