Ежелгі Сайрам қаласы атауының шығуы туралы аңыз

Ежелгі Сайрам қаласы атауының шығуы туралы аңыз

ашық дереккөзі

 width= Сайрамда бар сансыз баб... Ескі Исфиджаб, қазіргі Сайрам көптеген Шығыс және Батыс саяхатшыларының қолжазбаларында кездеседі. Исфиджаб қаласы Ұлы Жібек жолының ең маңызды бөліктерінің бірінде орналасқан.Тарихи деректерде Сайрам қаласының онға жуық Сайрим, Исфиджаб, Нучингень, Сайлан, Бейшуйху, Аль маданият аль Байзо, Сайрам секілді атауларын кездестіруге болады. Сайрам жөнінде ең алғашқы рет 629 жылы жазылған қытай саяхатшысы Сюань-Цзянның қолжазбаларында кездеседі, мұнда Сайрам – «Ақ өзен бойындағы қала» деп көрсетілген. Кейін Махмұд Қашқарий еңбегінде: «Сайрам – бұл Ақ қала (Аль маданият ал Байзо). Ол қаланы Исфиджаб және де Сайрам деп те атайды» деп жазған. Исфиджаб атауы соғды тілінен аударғанда «Ақсу» деген мағынаны білдіретіндігін орыс ғалымы В.К. Шуховцов ұсынған. Дегенмен де Сайрам атауының шығу төркіні жайлы жорамалдар өте көп. Енді кейбір ғалымдардың жорамалдарына сүйенсек, Сайрам атауы сайрим атты тайпаның атауынан шыққан дейді. Бұл тайпа атауы алғашқы рет «Авестада» кездеседі. Авеста – б.э.б. ҮІ-ҮІІ ғ.ғ. жазылған Заратуштра дінінің кітабы. Мұнда Ария-тур, Дана, Сайна, Даха тайпаларымен бірге Сайрим тайпалары айтылады. Қала атауының шығу тегі туралы жорамалдардың ішіндегі ең қызықтысын Сайрам мұражайының директоры М.Мирхалдарули ұсынды. М.Мирхалдарули ұсынған жорамалға сәйкес, Сайрам атауының шығу тарихы Нұх пайғамбармен байланысты. М.Мирхолдорулинның айтуынша, «Аңызға негізделген және «Рисоля Сайрам» (Сайрам тарихы. Бұл кітап Сайрам қаласы тұрғындарында онға жуық түрі сақталған) атты еңбекте жазылған деректерге сәйкес Сайрам атауының шығуы Нұх пайғамбармен байланысты. Нұх пайғамбар Алланың әмірімен пұтқа табынып келген өз халқын бір Аллаға сыйынуға шақырады. Біраз уақыттан соң адамдардың бір бөлігі оның насихатын қабылдайды. Сенбеушілер « егер пайғамбар болсаң, кереметіңмен бізді жазала» деп қасарыса түседі. Осы оқиғаға байланысты діни аңыздар мен Құран Кәрімде Нұх пайғамбардың ақыры Құдайға жалбарынып, дінсіздерге қандай шара жасайтыны туралы медет сұрағандығы айтылды. Алла Нұх пайғамбарға кеме жасап, өзіне ергендер мен жақындарын және дүниедегі тіршілік иелерінен бір-бір жұптан кемеге мінгізіп алуына бұйрық береді. Сенбеушілердің иман келтірген адамдарды аздыруынан қауіпсінген Нұх пайғамбар олардың қатаң жазалануын тілейді. Содан кейін, «тандыр пештен қайнап шыққан су мен көктен саулап құйылған су» жер дүниені топан болып басады. Дінсіздер қырылып, Нұх пайғамбар кемесіндегі оның жақындары, оған сенгендер ғана аман қалады. Кеме таудай толқын арасынан аман қалып, су қайтқан соң тау басына тоқтайды. Әр халықтың аңыздары бойынша, Нұх пайғамбардың кемесінің тоқтаған жері де әр түрлі көрсетілген. Арабияда – Аль жуди тауы, Кавказда – Арарат тауы, Палестинада – Синай тауы, Орта Азия және Қазақстанда – Қазығұрт тауы. Қазақтар арасында «Қазығұртта кеме қалған» деген сөз осыдан шықса керек. Аңызға сәйкес, Нұх пайғамбар кемесі Қазығұрт тауына тоқтаған мыс. Топан су тартылғаннан соң адамдар таудан тау бөктеріне түсіп, жаңаша тіршілік етеді. Жаңадан қоныстанған жерді және адамдар бір бірін арабтың екі сөзімен атай бастаған. Ол – «Сони Айем» сөзі еді. Мұның мағынасы «Жаңа жер» дегенді білдіреді. Аңыз бойынша Сони Айем сөзі уақыт өте келе Сайрамға айналып кеткен.» Сейлов ҒАЛЫМЖАН

Жүктелуде...