
Сайрамға ҮІІІ ғ. араптар ықпалын жүргізіп, ислам діні таралады. Сайрам мен оның төңірегіндегі қалалар мен қыстақтар халқын мұсылмандандыру Құтайба ибн Мүслім және Ысқақ пан әскерлерінің 714 жылы Шаш пен Сайрамға басып кіруінен басталады. Отқа табынушылар көптеген қарсылықтардан соң ислам дінін қабылдау мен бірге араб жазуында үйренеді .
Исламға дейін Сайрамда болған Ыдырыс пайғамбар мешіті, Қызыр пайғамбар ата-аналар зиараттары және сарай құрылыстары, жер асты үңгірлері бүгінге дейін сақталып қалған.
Келе – келе Сайрам ислам дінін таратуда , өз төңірегіндегі халықтардың саяси, эканомикалық және мәдени өмірін қалыптастыруда зор рол атқарды.
Қарлұқтар көсемі Қадырхан ІХ ғ. бас. Сайрам әкімі болып, қаған деген атақ алған еді. Тарихшы және географ Якубий ІХ ғ. бұл өлкеде диқаншылықпен қолөнер жақсы дамыған деп жазады. “Дүние жүзі базарында” атап айтқанда Бағдат қаласындағы базарда, Марф, Хорезм, Исфижаптан келген кісілер сауда жасайтыны да айтылған.Осы кезде Исфижаптан Хорезімге дейін үнемі сауда керуені қатынаған.
Осы жерден қазан, кетпен, шырақ, құрал – жабдықтары, қол-өнер бұйымдары, маталарды артып әкететін болған.