Суреттің бірін таңдап өз қасиетіңізді таныңыз
Суреттің бірін таңдап өз қасиетіңізді таныңыз
ашық дереккөзі
Суретте бейнеленген алты айдың бірін таңдап, өз мінезіңіз бен жеке қасиеттеріңіз туралы шындықты біліңіз.
№1 АЙ
Сіз барлық дүниеге оптимистік көзқарас танытатын адамсыз. Құр сөзге қарағанда нақты нәтижеге жұмыс істейтін адамсыз. Өзіңізге сенімділігіңізбен ерекшеленесіз. Сізге ылғи шаруа бітіріп, жұмыс істеп жүру керек екенін өзіңіз де жақсы білесіз. Дәл осы қасиетіңіз көп жағддайда сәттілік алып келеді. Туыстарыңыз бен достарыңыздан алыстап кетпеу үшін, оларға көбірек көңіл бөліп тұрыңыз.
Өз мінез-құлығыңызға шыдамды болыңыз. Жіберілген қателіктердің себебін де өзіңізден іздеңіз. Сондай-ақ, өзіңіздің бағаңызға сай өзіңізді сыйлап үйреніңіз. Көп нәрсе қолыңыздан келетінін біле тұрып, бағаңызды төмендететін қасеитіңіз де жоқ емес.
№2 АЙ
Шығармашылықтың адамысыз деуге болады.Эмоциналды, мейірімді, мінезі ашық жансыз. Материалдық құндылықтарға көп байлана бермеңіз. Бұл сізді болмысыңыздан алыстатуы мүмкін. Арасында айналаңыздағылардың да ақыл-кеңесіне құлақ түріп тұрыңыз. Болмысыңызды жарқыратып, өзіңізді биіктен көрсету үшін өмірге аздап реал қарауға үйреніңіз.
№3 АЙ
Энергиясы асып-атсып тұратын ерекше адам. Сізді өзіне сенімді, мінезді, ортада өзін маңызды сезінетін және солай ұстай алатын адам ретінде бағалайды. Сіз өзінің және өзгенің қауіпсіздігі, денсаулығы мен жақсылығы үшін құрбандыққа бара алатын өте жақсы доссыз. Сіз достықты бәрінен жоғары қоясыз. Соған орай, сатқындықтан қорқасыз. Сондықтан, айналаңыздағыларға 100% сене алмайсыз. Ал әлдекім жаныңызда жүрсе – демек оған жеткілікті дәрежеде сенгендіктен ғана мүмкіндік бергеніңіз.
№4 АЙ
Сезімтал әрі жараланғыш адам. Сіз бар жан-жүрегіңізбен жақсылық жасауға дайынсыз. Дегенмен, жасаған әрекетіңізге жағымды жауап күтесіз. Кейде ойлағаныңыз ақталмай қалып жатады. Одан тек өзіңіз ғана жапа шегіп, жараланасыз. Айтарымыз, жасаған әрекетіңіз үшін ешкімнен жауап күтпеңіз. Сіздің басты ерекшелігіңіз – көмекке дайын тұруыңыз. Бар жақсылықты алдымен өзіңізге жасаңыз. Ол үшін денсаулығыңызды күтіп, өзіңізге көбірек күтім жасаңыз. Жүйкеңізді сақтаңыз.
№5 АЙ
Шыдамсыз із кесуші. Сіз кез-келген дүинеден секем алып, күдіктеніп тұрасыз. Бұл әрекетіңіз өзіңіз жүрген ортада жағымсыз әсер қалдыруы мүмкін екенін ескерііңіз.Достарыңызбен, жақындарыңызбен көңілді уақыт өткізуіңіз мүмкін. Десе де, түптеп келгенде жалғыздықта, тонналаған идеяларыңызбен оңаша қалғаннан артығын демалыс деп білмейсіз. Сіздің басты мақсатыңыз – ішкі түйсігіңізге сенсеңіз ғана орындалады. Ылғи жүрегіңізді тыңдап, ақылыңыцзды демеу қылыңыз.
№6 АЙ
Үйлесім іздеп тұратын адам. Сіздің мінезіңізді қарапайым нәрселерден қуаныш алып, эстетикалық ләззатты жақсы көреміз. Сізге үйде қалып демалған, фильм қараған, саябақта жалғыз қыдырған, достармен кездесу – барлығы да жағымды ісер, мықты күш береді. Сонымен қатар сіз өте белсенді әрі тәжірибелі адамсыз. Ұрыс-керіс, айғай-шыудан алыс жүргенді дұрыс көресіз. Асқан сабырыңыз бен біліктілігіңіз сізге әркез көмекке келеді.