Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
23 сәуір, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

«Күйеу балам қол көтереді» - қарт әжей мұңын шақты

«Күйеу балам қол көтереді» - қарт әжей мұңын шақты

«Күйеу балам қол көтереді» - қарт әжей мұңын шақты
ашық дереккөзі
82 жастағы қарт ана күйеу баласының өзіне қол көтеретінін айтып, мұңын шақты, - деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі. Өзін Раиса деп таныстырған әжей Қарағанды қаласының тұрғыны. Жасынан құрсағы кеңімей жүріп, жасы қырыққа келгенде жалғыз қызын дүниеге әкеліпті. Арадан 2 жыл уақыт өтпей арқа сүйер азаматы шахтада қайтыс болады. Содан бері қызын жалғыз өзі тәрбиелеп, жеткізген ол екінші рет тұрмыс құруды ойламаған. Айтуынша, жалғыз қызы Әлия тұрмыс құрған соң, Раиса бірнеше жыл жалғыз тұрған. Арадан уақыт өтіп, кәрілік жеңе бастаған соң пәтер жалдап жүрген қызы мен күйеу баласын қолына алады. Бұрын сыйлап тұратын ұлындай көрген адамы, өз шаңырағында өзгеріп шыға келген. «Екі немерем бар. Қызым тұрмысқа шыққалы жұмыс істеген жоқ. Бәріміздің күн көретініміз күйеу баланың табысы. Мен де зейнетақымды бір тиын қалдырмай балаларыма санап беріп отырамын. Алғашында, оның мені жақтырмайтын сыңай танытқанын бірнеше рет байқағам. Кейіннен қызыммен ренжісіп қалса да, балаларына ашуланса да маған жекіп, айғайлайтынды шығарды. Бір жолы онысы дұрыс емес екенін айтам деп, соққы жедім. Содан бері 3 жыл өтті. Кешірім сұрамақ түгілі, қайта-қайта қол көтеретінді шығарды. Масыл болып отырғанымды бетіме басады. Қарттар үйіне кетейін десем, амалсыз қызым жылап-сықтап, рұқсат етпейді. Жасым сексеннен асқанда күйеу баламнан зорлық көріп отырмын», - дейді әжей.