Әлемдегі ең әдемі 10 қала

Әлемдегі ең әдемі 10 қала

ашық дереккөзі

Әлемдегі ең әдемі, кемінде бір рет саяхаттап баруға болатын 10 қаланы Newsroom+Ақпарат агенттігі ұсынады. Рио Де Жанейро  width= Рио планетаның ең әдемі жерлерінің бірінде орналасқан. Егер Пан-ди-Асукар тауының басында тұрсаңыз, үлкен қаланың панорамалық көрінісінен жасыл тропикалық ландшафт пен әдемі ақ құмды жағажайларды тамашай аласыз. Бұл қала түнде өте әдемі жарықтарымен таң қалдырады. Флоренция       width= Флоренция - бай тарихы бар және керемет сәулетімен тамсандыратын әйгілі қала.  Сонымен қатар әлемдегі ең ірі қалалардың бірі, мұнаралары мен күмбездері көздің жауын алады. Флоренцияға барсаңыз құдды бір ертегі әлеміне еңгендей күш кешесіз. Венеция  width= Көбі Венецияны әлемдегі ең әдемі қала екенін қателеспей айтқан. Венециядағы әр ғимарат - бұл өнер туындысы, әсемдігіне сөз жетпейді. Венеция – романтикалық қала. Ыстамбұл  width= Ыстамбұл - сиқырлы қала. Ыстамбұлдың әсемдігі өзінің таңғажайып сәулетімен ғана шектелмейді, өйткені қала  мәдени құндылыққа ие. Ыстамбұл көшелерімен бара жатып, көрнекті шіркеулер, мешіттер және басқа да керемет ғимараттар сіздің Түркияға махаббатыңызды ашады. Будапешт  width= Будапешт - Еуропаның інжу-маржаны. Дунай өзенінің екі жағында орналасқан Буда және Пешт деп аталатын екі бөліктен тұрады. Тауда орналасқан Буда готикалық ескерткіштерге толы, дәл осы жерде таңғажайып король сарайы орналасқан. Париж  width= Париж, әрине әлемдегі ең әдемі қалалардың бірі. Париждегі кафе үстелінде біраз уақыт отырсаңыз болғаны, кеткіңіз келмей қалады. «Шамшырақ қала» депте атауға тұрарлық. Өйткені түнгі әсемдігіне сөз жоқ. Эйфель мұнарасына, Луврға және Елисейлерге баруды ұмытпаңыз. Париж - бұл әр адам кемінде бір рет баруы керек қала. Прага  width= Прага Чехияның астанасы,  шпильдер қаласы ретінде белгілі. Қала тарихтың әр кезеңін еске түсіретін ғимараттар мен ескерткіштерге толы. Ұзын көшелермен серуендеп, Праганың жасырын сұлулығымен танысыңыз, әйгілі Чарльз көпірін көріңіз.  Прага - сізді әрдайым қуантып, таң қалдыратын қала. Нью Йорк  width= Нью-Йорк сіз үшін әйгілі бірақ әдемі болмауы мүмкін, бірақ Манхэттеннің таңғажайып көріністерін бейнелеуге сөз жетпейді. Нью-Йорк шулы, еркін қала. Рим  width= Әлемдегі ең таңғажайып және әдемі қалалар тізімін жалғастыратын келесі - Рим. Бұл - өнер, мәдениет және тарих меккесі. Жеті төбеде орналасқан Рим әлемдегі ең классикалық сәулет ескерткіштеріне толы. Қала Колизей және Пантеон сияқты тарихи құндылыққа толы. Амстердам  width= Амстердам – ​​серуендеуге арналған қала. Әр жаңа көпірден, жаңа жолдан өтіп, сіз жаңа бір нәрсені таба аласыз. Қай жеріне барсаңыз да кофе толы кафелерді кездестіресіз.

Інжу ӨМІРЗАҚ

Жүктелуде...