ҚызПУ ректоры білім алушылармен онлайн кездесу өткізді

ҚызПУ ректоры білім алушылармен онлайн кездесу өткізді

ашық дереккөзі

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры Гаухар Алдамбергенова оқу орнының білім алушыларымен онлайн форматта кездесті. Бұл туралы аталған жоо-ның баспасөз қызметі хабарлады. Zoom платформасында ұйымдастырылған басқосуда университет басшысы студенттердің емтихандарды қалай тапсыратыны және дипломдық жұмысты қорғау қалай жүргізілетіні жайлы кеңінен баяндады. Сонымен қатар шара барысында білім алушылар осы тарапта туындаған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Екі сағаттан астам уақытқа созылған кездесуге жалпы саны 500-ден астам білімгер қатысып, 80-ге жуық сауал қойылды. Сұрақтарға Гаухар Алдамбергеновамен қатар оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор Еркін Жұманқұлова егжей-тегжейлі жауап берді. Білім алушылармен университет бсшылығының осы тақілеттес онлайн кездесулері алдағы уақытта да жалғаса бермек. Айта кетейік, 1, 2 және 3-курс студенттері үшін сессия тапсырудың үш жолы бар. Біріншісі емтиханды қашықтан тапсыру форматы, екіншісі пән бойынша бағаны ағымдағы бағаларының негізінде қою, үшіншісі «I» (Incomplete) бағасын қою арқылы емтихан тапсыру мерзімін шегеру. Бұл студенттерге емтиханды кейін тапсыруға мүмкіндік береді және оларды оқудан шығарудан қорғайды. Нақты шешімді әрбір жоғары оқу орнының академиялық дербестігі аясында өзі қабылдайды. Cоңғы курс студенттерінің кешенді емтиханға келетін болсақ, мұнда әрбір жоғар оқу орны үш нұсқаның бірін қолданады. Біріншісі кешенді емтиханды қашықтан тапсыру форматында өткізу, екіншісі жиынтық бағаны базалық пәндер бойынша бағаларының негізінде қою, үшіншісі кешенді емтиханды кешірек мерзімге ауыстыру (жазға немесе күзге). Осылайша, ЖОО министрлік тарапынан рұқсат алмай-ақ, жиынтық бағаны базалық пәндер бойынша бағаларының негізінде қою арқылы кешенді емтихандарды өткізбеу туралы шешім қабылдай алады. Егер карантиндік шектеулер алынбаса, онда дипломдық жұмыстар қашықтан қорғалады. Айта кетерлігі, студенттер дипломдық жұмыстарын ақпан-наурыз айларында алдын-ала қорғаған болатын, яғни негізгі жұмыс атқарылды. Естеріңізге сала кетсек, 2018 жылы Қазақстанның жоғары оқу орындары академиялық дербестік алды, соған байланысты университеттер министрліктің рұқсатын қажет етепей, нақты шешімді өзі қабылдай алады.

Жүктелуде...