Өмірді жақсы жаққа қалай өзгертуге болатынын білесіз бе?

Өмірді жақсы жаққа қалай өзгертуге болатынын білесіз бе?

ашық дереккөзі

 width=

Ерте тұруды қалай үйренуге болады?

1. Таңертең жасауыңыз керек істердің тізімін құрыңыз. 2. Ұйықтар алдында ұялы телефоныңызды өшіріп қойыңыз. 3. Будильникті жатын орныңыздан алыстау жерге қойыңыз. Ол таңертең шырылдағанда, соны сөндіремін деп орныңыздан тұрасыз. Осы әрекеттің арқасында ұйқыңыз да ашылады. 4. Жатар кезде кітап оқыңыз. Бірақ онлайн емес. 5. Қараңғы жерде ұйықтаңыз. Сонда ұйқыңыз қанық болады. 6. Өзіңізге ерекше таңғы ас жасаңыз. Сол туралы түнде жоспарлап қойыңыз. Сонда таңертең тамаққа деген құштарлықпен оянатын боласыз. 7. Ұйықтайтын кезде су ішіңіз. Сіздің күні бойы сергек жүріңізге судың тигізер пайдасы мол.

Жаңа күнді қалай бастау керек?

1. Бірінші құрбақаны жеу керек (Марк Твен). «Ең алдымен қиын істі аяқтаған дұрыс. Сонда одан басқа жұмыстар сізге жеңілірек болып көрінеді». 2. Визуализация жасаңыз (Тони Роббинс). «Күніңіздің қалай өтетінін көз алдыңызға елестетіңіз». 3. Жаттығу жасаңыз (Барак Обама). «Мен физикалық жаттығуларды тұрақты түрде жасаймын. Сонда ойларым жинақталып, стрестен құтылғандай боламын». 4. Шынайы жұмыс жасаңыз (Дэвид Карп). «Электронды почтаңызды жиі тексере бермеңіз. Шынайы жұмыс жасауды үйреніңіз». 5. Тұтынушылармен сөйлесіңіз (Крэг Ньюмарк). «Тұтынушылармен тілдесуден жаңа идеялар алып, шабыттаныңыз». 6. Өзіңізге сұрақ қойыңыз (Стив Джобс). «Әрбір күні таңертең өзіңізден: бүгін осы өмірдегі соңғы күнім болса, немен айналысар едім деп сұраңыз».

Жұмысты қалай тез істеуге болады?

1. Тізіміңіздегі ең алғашқы істі алғашқы 15 минутта жасаңыз. 2. Істеп жатқан жұмысыңызда келеңсіздіктер орын алса, тоқтамаңыз. Әрі қарай жұмысыңызды жалғастыра беріңіз. 3. Ылғи таймер қолданыңыз. 4. Бір ғана іске зейін қойыңыз. Сонда жұмысыңыз өнімді болады. 5. Музыка тыңдаңыз. Жұмыс барысында музыка тыңдау сол істі тезірек аяқтауға көмектеседі. Сонымен қатар музыка адамға шабыт сыйлайды. 6. Жарықты қосып қойыңыз. Адамның продуктивтілігі осы жарыққа байланысты. 7. Үстеліңізді ылғи реттеп жүріңіз. Сонда сіздің ойыңыз да шашыраңқы болмайды. 8. Қысқа жазуды меңгеріңіз. Өзге адамның уақытын бағалағаныңыз дұрыс.

Ақмарал БЕРЕКЕТ

Жүктелуде...