Жәрдемақы тағайындалды: алаяқтар мүгедектердің қалтасын қағуға шықты

Жәрдемақы тағайындалды: алаяқтар мүгедектердің қалтасын қағуға шықты

ашық дереккөзі

[caption id="attachment_35322" align="alignnone" width="1024"] width= SONY DSC[/caption] Сақ болыңыз! Елімізде алаяқтар халықтың ақшасын ұрлаудың  жаңа әдісін ойлап тапты. Ең сорақысы, бұл жолы қаскөйлер мүгедек жандарға, тіпті туысқандарына хабарласып, президенттің жаңа бір реттік жәрдемақысы тағайындалғанын айтып алдауда. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі  Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Елімізде алаяқтықтың жаңа әдісі  пайда болды. Бұл жолы қаскөйлердің назары мүгедегтікі бар адамдарға түскен. Олар алдымен банкте берешегі бар мүмкіндігі шектеулі жандарды зерттеп, ақпарат жинап алады. Артынша, телефондарына хабарласып «Президенттің мүгедектерге қосымша жәрдемақы төлеу туралы жарлығы» шыққанын мәлімдейді екен. Дәл осындай алаяқтардың арбауына  қызылордалық тұрғын түсіпті. Қуаныш АЯКЕНОВА, Қызылорда қаласының тұрғыны: «Министерстводан  940 мың түсіріп тұр деді. Жиналып 1 жылға, Ақшаға мұқтаж болған соң, сендік. Қазпоштаға барып шот ашыңыз деді. Баланың құжаты бар деді, ватсапқа жазам деді. Әйтеуір мынадай ой келеді ғой. Ақшамды берсе, баламды емге апарсам деп. Ол кезде ол жатады.» Ең қызығы, олар келіншекке "әлгі миллионды алу үшін 30 пайызын төлеуіңіз керек" депті.   Қуаныш АЯКЕНОВА, Қызылорда қаласының тұрғыны: «Сөйтті да маған айтты. Сіздің ИИН заблокирован екен. Біз сізге ақшаны түсіре алмай жатырмыз. 940 мыңның 30 процентін аударыңыз деді. Сонда ол 200 мыңнан асып кетеді. Қанша ақша жібересіз деп едім, 30 процентін алып қалам деді». Әлеуметтік желіде де  жәредамақы аламыз деп алаяқтардың арбауына түсіп сан соққандар жетерлік. Мәселен... Sezim_a «Менде біреуден қарыз алып төледім ...» Kulymbetnazym8888  « Менің сестренкама....жауап жоқ» Nurgul.userovna90  «Мүгeдек болмаса .....мен сенбедім» Осы ретте еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедек адамдарға арналған мұндай тоқсандық жәрдемақылар тағайындалмағанын ескертуде. Одан бөлек, әлеуметтік мәртебесіне сәйкес жәрдемақылар міндетті түрде «проактивті» түрде жіберіледі, дейді.

Асқар НИЯЗОВ, ҚР Еңбек және Халықты Әлеуметтік Қорғау Министрлігінің Департамент Директоры: «Жалпы ондай ақпарат болған жоқ еңбек министрлігі тарапынын. Осыған дейін айтып жүрміз. Кез келген ақпаратты ресми  ақпараттарға сүйену керек. Алаяқтық түр-түрі көп. Жәрдемақы тағайындалып жатса, еңбек министрлігі сайтында, сіздер арқылы жариялаймыз».
Қалалық полиция департаменті де азаматтарды сақ болуға шақырауда. Өйткені әлемжелі арқылы опық жегендердің санында шек жоқ!
Талғат БӨЛЕГЕНОВ, Қалалық полиция департаментінің криминалды полиция бөлімінің Басшысы: "Алаяқтың түр-түрі бар.  Мәселен, біреудің атынан фейк аккаунт ашып, несие алған оқиғалар жиі кездеседі.  Осы ретте  халыққа тағы да ескертеміз. Ешкімге өзіңіздің банк картаңызды, реквизиттеріңізді смс, мессенджерлер арқылы таратпауын сұраймыз. Себебі желі арқылы алаяқтар сіздің жеке ақпаратыңызды қолдануы әбден мүмкін.
Осылайша алаяқтар бірнеше бағытпен жұмыс істейді. Ал олардың қармағына ілінбеу үшін ешкімге ЖСН нөміріңізді,  карта артында 3 цифрлы санды  айтпау керек, дейді министрлік өкілі. https://youtu.be/nxHMh14dVSE

Жүктелуде...