Пайдаланушы тәжірибесін жақсарту мақсатында біз cookies файлдарын пайдаланамыз.
Сайтты әрі қарай қолдану арқылы сіз cookies файлдарын пайдалануға келісетініңізді растайсыз
Төтенше жағдай әрекет ету кезеңінде Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағалары бекітілді: - I сұрыпты бидай ұны – 166 тг/кг;
- І сұрыпты ұннан жасалған бидай наны – 146 тг/кг (73 тг. қалыпты бөлке нан);
- рожки (өлшеніп салынатын) – 212 тг/кг;
- қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын) – 318 тг/кг;
- тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын) – 272 тг/кг;
- сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі) – 1904 тг/кг;
- тауық жұмыртқасы (I санатты), 10 данасы – 305 тг/кг;
- күнбағыс майы – 422 тг/л;
- ас тұзы ("Экстра"- дан басқа) – 51 тг/кг.
Дүкендердегі тауар ассортиментінің кемінде бір түрі белгіленген бағадан аспауы тиіс.
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V Кодексінің 202-бабына сәйкес ішкі сауда субъектілері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағаларын асыра пайдаланса 100 АЕК мөлшерінде айыппұл, бір жыл ішінде кайталанса 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
Көрсетілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларынын кем дегенде бір түрінің бағасы осы бағадан аспауы қажет.
Егер азық-түлік бағасына қатысты ұсыныс, шағымыңыз болса, WhatsApp арқылы 87781361847 номеріне мекен-жайын көрсетіп жолдасаңыз болады. Немесе Call centr 39-50-55 номеріне хабарласа аласыз.