Грузияның экс-президенті және Одессаның да экс-губернаторы Михаил Саакашвили енді Украина премьер-министрінің орынбасары болып жұмыс істемек.
Бұл туралы ол өзінің фейсбук парақшасында мәлімдеді. Осы мақала жазылып жатқан тұста, төрт сағат бұрын жарық көрген Саакашвили өз постында былай деп жазды:
«Для меня большая честь получить от президента Зеленского предложение стать вице-премьером правительства Украины по реформам. У меня также была очень содержательная и полезная беседа с премьер-министром Шмыгалем, на протяжении которой мы детально обсудили все вопросы, связанные с моей возможной работой в правительстве».
Аз уақыттың ішінде 16 мың лайк жинап, 3,5 мың пікір мен 3,5 мың перепост жинаған грузин саясаткерінің посты желіде қызу талқылануда.
«Я также надеюсь использовать свой международный опыт, для того чтобы быть полезным членам правительственной команды, в том числе в отношениях с международными финансовыми организациями, усилить престиж Украины и ее интеграцию с международными сообществами, чтобы отстоять в первую очередь интересы украинского народы и способствовать прогрессу в стране» - деп Саакашвили өз постын қорытындылаған тұста, Украин премьер-министрі Д.Шмыгаль: Денис Шмыгаль:
«Надо научиться жить в новых условиях по меньшей мере два года» - деген тақырыппен rbc.ua басылымына сұхбат берді.
Айта кететін жайт, әлеуметтік желіні белсенді пайдаланатын М.Саакашвилидің фейсбук әлеуметтік желісінде 1 170 182 оқырманы бар. 2015 жылдың 29 мамырында украин азаматтығын П.Порошенкенің Жарлығымен алған Саакашвили одан 2017 жылдың шілдесінде айырылған болатын. 2019 жылдың мамыр айында украин азаматтығын Зеленскийдің жарлығымен азаматтығын қайта алған ол бүгін Зеленскийдің тікелей ұсынысымен вице-премьерлік қызметке ұсынылды.
Уәли ЖҰМА